Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

«Turkistan – 2026: Қожа Ахмет Ясауи мұрасын дәріптеу және ішкі туризмді дамыту» атты конференция өтті

22 мая, 2026
in Uncategorized
0
«Turkistan – 2026: Қожа Ахмет Ясауи мұрасын дәріптеу және ішкі туризмді дамыту» атты конференция өтті
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Іс-шараның мақсаты – Қожа Ахмет Ясауи мұрасын кең көлемде насихаттау және оны ел жұртшылығына таныту бағытындағы тапсырмаларды жүзеге асыру. Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен «Turkistan – 2026: Қожа Ахмет Ясауи мұрасын дәріптеу және ішкі туризмді дамыту» атты конференция өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Түркістандағы «Киіз үй» кешенінде Түркістан облыстық мәслихаты мен Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен және Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен «Turkistan – 2026: Қожа Ахмет Ясауи мұрасын дәріптеу және ішкі туризмді дамыту» атты конференция өтті. Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жүктеген туризмді дамыту, Қожа Ахмет Ясауи мұрасын кең көлемде насихаттау және оны ел жұртшылығына таныту бағытындағы тапсырмаларды жүзеге асыру. Конференцияға облыс әкімінің орынбасарлары, республикалық маңызы бар қалалар мен облыстар мәслихаттарының төрағалары мен өкілдері, құқық қорғау органдарының басшылары, Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары, аудандық және қалалық мәслихат төрағалары, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, ғалымдар, туристік операторлар қатысты. Жиынды Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов жүргізіп отырды. Конференция барысында Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов облыс әкімінің құттықтау хатын жеткізіп, Ясауи мұрасын ұлықтау, туризмді дамыту бағытындағы жұмыстарға тоқталды. – Қадірлі қонақтар, зиялы қауым өкілдері және сала мамандары! Баршаңызды «Қожа Ахмет Ясауи мұрасын дәріптеу және ішкі туризмді дамыту» атты тағылымы терең, маңызы зор конференцияның ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Киелі Түркістан – ұлтымыздың рухани тамыры, түркі дүниесінің қасиетті бесігі. Бұл – тарих пен тағылым тоғысқан, бабалар аманаты сақталған, ұрпаққа ұлағат беретін қастерлі мекен. Қожа Ахмет Ясауи мұрасы – халқымыздың ғана емес, барша түркі әлемінің ортақ рухани қазынасы. Оның тағылымы ұрпақ тәрбиесі мен ұлттық құндылықтарды нығайтуда ерекше маңызға ие. Бүгінде Мемлекет басшысының бастамасымен тарихи-мәдени мұраны сақтау, ұлттық құндылықтарды ұлықтау және туризм саласын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жүзеге асырылып жатыр. Осы игі бастамалардың нәтижесінде Түркістан жаңа даму кезеңіне қадам басып, халықаралық деңгейдегі рухани, мәдени әрі туристік орталық ретінде жаңаша келбет қалыптастырып келеді. Біздің міндетіміз – ұлы бабалардан қалған асыл мұраны сақтау ғана емес, оны келер ұрпаққа лайықты жеткізу, әлемге кеңінен таныту. Себебі рухани мұра – ұлттың жадын жаңғыртатын, елдің еңсесін көтеретін өлшеусіз байлық. Бүгінгі басқосу – руханият пен туризмді ұштастыратын, ғылыми ой мен нақты бастамаларды тоғыстыратын маңызды алаң. Бұл конференцияда айтылатын мазмұнды пікірлер мен тың ұсыныстар ішкі туризмді дамытуға, тарихи сананы нығайтуға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге жаңа серпін береді деп сенемін. Тәуелсіз еліміздің рухани тұғыры биік, Түркістанның мерейі үстем болсын! – деді Зұлпыхар Жолдасов. Сондай-ақ конференцияда «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеубек Мұқашев, Түркістан облысының прокуроры Мұрат Тлеубердиев сөз сөйледі. «Бүгінгі конференцияның тақырыбы – «Ясауи мұрасы және ішкі туризм» – бір-бірімен терең байланысты ұғымдар. Туризмді тек экономика дейтіндер біржақты ғана ойлайтындар. Туризм дегеніміз – ең алдымен, тарихи сананы жаңғырту мен ұлттық рухты таныту. Туризм – мемлекеттің мәдени дипломатиясының маңызды құралы. Егер біз Түркістанды жай ғана туристік нысан ретінде қарасақ, онда оның терең мағынасын жоғалтып алуымыз мүмкін. Ең алдымен, ол рухани феномен. Сондықтан мұнда келген адам тек саяхат жасап қоймай, тарихи сана мен рухани сабақтастықты сезінуі тиіс, – деп атап өтті Төлеубек Мұқашев. Оның айтуынша, Қазақстанның түкпір-түкпірінен мәслихат депутаттарының дәл Түркістанда бас қосуының да терең символдық мәні бар. Біріншіден, бұл – өңірлік саясат пен ұлттық руханияттың тоғысуы. Екіншіден – жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің ұлттық мүддемен үндесуі. Үшіншіден – мәслихат депутаттарының тек әлеуметтік-экономикалық мәселелермен ғана емес, тарихи сана мен ұлттық құндылықтарды жаңғырту ісіне де жауапты екенін көрсететін маңызды қадам. Конференцияда Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев баяндама жасап, ішкі туризмді дамыту мен киелі орындарды насихаттау мәселелеріне тоқталды. – Мемлекет басшысының туризм саласын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында туристік әлеуетті арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. 2025 жылдың қорытындысымен өңірдегі орналастыру орындарында демалғандар саны 347,6 мың адамға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 14,7 пайызға артты. Ал тарихи орындарға келушілер саны 1 миллион адамға жетіп, 13 пайыздық өсім көрсетті. Бүгінде облыста тарихи-танымдық, экологиялық және емдік-сауықтыру туризмі қарқынды дамып келеді. Туризм саласына 133 млрд теңге инвестиция тартылып, Түркістан қаласында бірқатар ірі туристік жобалар жүзеге асырылуда. Сонымен қатар өңірдің туристік инфрақұрылымын жақсарту, визит орталықтарын ашу және туристік нысандарға апаратын жолдарды жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасады, – деді Ертай Алтаев. Бұдан бөлек Қ.А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті дінтану кафедрасының профессоры, философия және теология ғылымдарының докторы Досай Кенжетаев және Халықаралық туризм және меймандостық университетінің Басқарма төрағасы – ректор міндетін атқарушы Бекежан Мырзаев мазмұнды баяндамалар жасады. Сонымен бірге Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы Мұрат Мұқаев, Жетісу облыстық мәслихатының төрағасы Гүлнәр Тойлыбаева және Шымкент қалалық мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов та тақырыпқа сай ой қозғады. Қатысушылар Түркістанның өндірістік, рухани және туристік әлеуетін, даму деңгейін жоғары бағалады. Жиын қорытындысында қатысушылар Түркістандағы бұл басқосудың ұлттық руханиятты, тарихи сананы және өңірлік дамуды тоғыстырған маңызды қоғамдық алаңға айналғанын атап өтті. Сонымен қатар Түркістанның халықаралық деңгейдегі мәдени, рухани және туристік орталық ретіндегі әлеуетін арттыру, Қожа Ахмет Ясауи мұрасын халықаралық деңгейде дәріптеу бағытындағы жұмыстарды жалғастыру қажеттігі айтылды. Екі күнге созылатын конференция аясында қатысушылар Түркістан қаласы мен Отырар және Ордабасы аудандарындағы тарихи және туристік орындарды аралайды.

Алдыңғы пост

Түркістан облысы: Ордабасы ауданында ірі қара сүйегін терең өңдейтін зауыт салынады

Келесі жаңалық

Тұрғындардың өтініші назарда: Түркістан облысы әкімінің орынбасары жеке қабылдау өткізді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
« Апр    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі