Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛА КҮНІНЕ ОРАЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ЖАПОН САЯБАҒЫ АШЫЛДЫ

19 июня, 2026
in Басты жаңалықтар, Қазақстан
0
ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛА КҮНІНЕ ОРАЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ЖАПОН САЯБАҒЫ АШЫЛДЫ
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қала күні мерекесі аясында Шымкентте жаңа Жапон саябағының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев, қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, мегаполис тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Аумағы 2,3 гектарды құрайтын бірегей қоғамдық кеңістік бұрынғы «Кең баба» саябағының орнында бой көтерген. Сабяқтың құрылысы рекордтық қысқа мерзімде 58 күнде аяқталып отыр. Бұл жоба қалалық ортаны дамытудың маңызды қадамы болып, қаладағы тарихи маңызды аумақтардың бірінің бастапқы мақсатын қайтаруға мүмкіндік берді.

Үкімет басшысының бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Шымкент қаласының қарқынды дамып келе жатқанын, мегаполисте тұрғындардың жайлы өмір сүруіне барлық жағдай жасалып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, бүгін Қала күніне орай Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында жүзеге асырылған тағы бір заманауи Экопарктің ашылатынын айтты.

Еске сала кетейік, өткен жылы саябақ аумағы мемлекет меншігіне қайтарылған болатын. Содан кейін мұнда заңсыз орналастырылған нысандар бұзылып, кең ауқымды абаттандыру жұмысын жүргізу үшін аумақ толық тазартылды.

Шымкент қаласының Бас жоспарына сәйкес, бұл жер рекреациялық аймаққа жатады және тұрғындардың демалысына, серуендеуіне әрі көгалдандыруға арналған. Осыған байланысты мұнда табиғат сұлулығын, мәдени дәстүрлерді және заманауи қалалық инфрақұрылымды үйлестіретін саябақ салу туралы шешім қабылданды.

Жапон саябағының тұжырымдамасы адам мен табиғат арасындағы үйлесім философиясына негізделген. Саябақ аумағында сакура аллеялары, тас бақтары, су үстіндегі демалыс орындары, жапон ауылдары, көркем серуен жолдары, демалыс пен медитация аймақтары, сәндік тұқы балықтары бар тоғандар және арнайы фотоаумақтар орналасқан. Кеңістіктің әр бөлшегі жапон мәдениетіне тән тыныштық, үйлесім және табиғатты тамашалау атмосферасын қалыптастыруға бағытталып отыр.

Құрылысшылардың айтуынша, бұл саябақ Қазақстанда баламасы жоқ бірегей нысан болып табылады. Жобаның халықаралық деңгейде мойындалуы оның маңызын одан әрі арттыра түседі. Жапон саябағының тұжырымдамасы «Urban Parks and Placemaking – Landscape» номинациясы бойынша International Excellence Awards 2026 халықаралық сыйлығының алтын жүлдесіне ие болды.

Халықаралық кәсіби қауымдастық жобаның сәулеттік және ландшафтық шешімдерін жоғары бағалап, оның заманауи қоғамдық кеңістіктерді дамытуға қосқан үлесін атап өтті. Жапон саябағының құрылуы Президенттің қаланың жасыл желек қорын дамыту және «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қалалық ортаның сапасын арттыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыруға бағытталған ауқымды жұмыстың бір бөлігі болды.

 

Жаңа нысан отбасылық демалысқа, серуендеуге, мәдени іс-шараларға және қоғамдық шараларды өткізуге қосымша мүмкіндік береді. Осылайша, бұрынғы «Кең баба» саябағының аумағы бүгінде жаңарып, халықаралық деңгейдегі заманауи қоғамдық кеңістікке айналды.

Жапон саябағы Шымкент тұрғындары мен қонақтарының кезекті сүйікті орталығына айналып, қаланың дамуға, жасыл аймақты сақтауға және әлемдік озық тәжірибелерді енгізуге ұмтылысын көрсететін жаңа келбетті орны болмақ.

Жапон саябағының ашылуы Қала күніне арналған мерекелік бағдарламаның маңызды оқиғаларының бірі ретінде тарихта қалып, Шымкенттің заманауи, жайлы әрі өмір сүруге қолайлы мегаполис ретінде тұрақты дамып келе жатқанын тағы бір рет дәлелдеді.

Tags: Жапон саябағыШымкент
Алдыңғы пост

ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі