Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

Нұрлыбек Нәлібаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында экотуризмді дамыту мәселелерін талқылады

22 июня, 2026
in Басты жаңалықтар
0
Нұрлыбек Нәлібаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында экотуризмді дамыту мәселелерін талқылады
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Табиғи экожүйені сақтау және туристік инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар қаралды. Нұрлыбек Нәлібаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында экотуризмді дамыту мәселелерін талқылады. Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде экологиялық туризмді дамыту мәселелеріне арналған көшпелі кеңес өткізді. Іс-шараға 50-ден астам отандық және шетелдік әлеуетті инвестор қатысып, өңірде жүзеге асырылады деп жоспарланған инвестициялық жобалар талқыланды. Кеңес барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, экотуризмді дамыту, табиғи аумақтарды сақтай отырып туристік инфрақұрылымды жетілдіру және инвестиция тарту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазақстан Республикасының экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев ұлттық парктердің туристік әлеуетін тиімді пайдалану, халықаралық деңгейдегі экотуризм нысандарын қалыптастыру және тұрақты туризм қағидаттарын енгізу бағытындағы жұмыстар туралы баяндады. Оның айтуынша, бұл бастамалар өңірдің туристік әлеуетін арттырып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашуға, жергілікті экономиканы дамытуға және табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ инвесторларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары таныстырылды. Кездесу барысында «Сайрам-Өгем» ұлттық паркінің аумағында жүзеге асырылады деп жоспарланған бірқатар инвестициялық жоба ұсынылды. Атап айтқанда, Біркөлік шатқалында экологиялық, отбасылық және белсенді туризмді дамытуға арналған демалыс аймағын салу жобасы таныстырылды. Сонымен қатар Қасқасу шатқалында туристік-рекреациялық кешен салу және Сайрамсу шатқалында туристік инфрақұрылым қалыптастыру жөніндегі бастамалар қаралды. Сондай-ақ Төлеби және Түлкібас аудандарында халықаралық стандарттарға сай туристік апарт-кешендер салу жоспарлары ұсынылды. Жобалар аясында апартаменттер, бутик-қонақүйлер, демалыс аймақтары, қоғамдық кеңістіктер мен сервистік нысандар салу көзделген. Кеңесте KASKASU халықаралық тау шаңғысы кластерінің тұжырымдамасы да таныстырылды. Жоба Түркістан облысын Орталық Азиядағы жетекші тау туризмі орталықтарының біріне айналдыруға бағытталған. China Construction Sixth Engineering Bureau Corp. LTD компаниясымен бірлесіп жүзеге асыру жоспарланып отырған жоба аясында халықаралық стандарттарға сай тау-курорттық инфрақұрылым қалыптастыру көзделген. Жоба шеңберінде туристік ауылдар, қонақүйлер, отбасылық демалыс аймақтары, спорт және ойын-сауық нысандары, сондай-ақ заманауи аспалы жолдар салу жоспарланған. Курорттың жыл бойы жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін инфрақұрылым қалыптастырылып, өңірдің туристік тартымдылығын арттыру көзделуде. Жобаның жалпы инвестициялық көлемі шамамен 172 млрд теңгені құрайды. Кеңес қорытындысы бойынша Нұрлыбек Нәлібаев экотуризм табиғатты қорғау мен экономикалық дамуды ұштастыратын маңызды бағыт екенін атап өтті. Оның айтуынша, инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде құрылыс сапасына, экологиялық талаптардың сақталуына және белгіленген мерзімдердің орындалуына ерекше назар аудару қажет. «Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, экотуризм экономиканың басым бағыттарының бірі ретінде айқындалды. Бұл – табиғи байлығымызды сақтай отырып, оны ел игілігіне тиімді пайдалану жолындағы маңызды бастама. Сондықтан барлық ұсыныс мұқият зерделеніп, нақты есептелген әрі жүзеге асатын жобаларға басымдық берілуі тиіс. Біз бастамашыл және жауапты инвесторларды қолдауға дайынбыз. Ең бастысы – сапалы нәтижеге қол жеткізу және жобаларды уақтылы жүзеге асыру», — деді Нұрлыбек Нәлібаев. Премьер-министрдің бірінші орынбасары инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда инвесторлар жауапкершілігіне ерекше тоқталды. Оның айтуынша, әрбір жоба нақты міндеттемелер мен белгіленген мерзімдерге сәйкес орындалуы тиіс. Келісімшарт талаптары сақталмаған жағдайда жер учаскесі мемлекетке қайтарылады. «Бізге әдемі эскиздер емес, нақты нәтиже қажет. Сондықтан әрбір жоба бойынша міндеттемелер мен жүзеге асыру мерзімі нақты белгіленуі тиіс. Егер инвестор өз міндеттемелерін орындамаса, жер мемлекетке қайтарылады», — деді Нұрлыбек Нәлібаев. Жұмыс сапары барысында Нұрлыбек Нәлібаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровпен бірге тікұшақ арқылы «Сайрам-Өгем» ұлттық паркінің аумағын әуеден шолып, табиғи және туристік әлеуетімен танысты. Табиғи экожүйені сақтау және туристік инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар қаралды. Көшпелі кеңес қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға және инвесторларға экотуризмді дамытуға бағытталған жобаларды жедел іске асыру, инвесторлармен өзара іс-қимылды күшейту, ұлттық парктің халықаралық туристік тартымдылығын арттыру және барлық жобалардың сапалы әрі белгіленген мерзімде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Алдыңғы пост

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛА КҮНІНЕ ОРАЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ЖАПОН САЯБАҒЫ АШЫЛДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: 50 мың гектарға жуық жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі