Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: 50 мың гектарға жуық жер мемлекет меншігіне қайтарылды

23 июня, 2026
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: 50 мың гектарға жуық жер мемлекет меншігіне қайтарылды
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

5 Облыс әкімі жауапты тұлғаларға бекітілген жоспарды мерзімінде орындауды тапсырды. Түркістан облысында 50 мың гектарға жуық жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Түркістан облысында барлық жер қоры 11 млн 610,3 мың гектарды құрайды. Биыл мақсатына сай пайдаланылмаған 40 мың гектар жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару жоспарланып, бүгінгі таңда 47,6 мың гектар жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде баяндалды. Облыс әкімі жауапты тұлғаларға бекітілген жоспарды мерзімінде орындауды тапсырды. – Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін пайдаланушыларға берілген хабарламалардың орындалуына тоқсан сайын мониторинг жүргізуді және жер учаскелерінің нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылуы бойынша тұрғындар арасында тұрақты түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырамын. Мал басы тіркелмеген жайылымдық жер мен пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын жандандыру керек, – деді Нұралхан Оралбайұлы. Жиында Түркістан облысы жер қатынастары басқармасының басшысы Ерғали Тілегеннің қоғамдық жайылым жерлерді қайтару, агроөнеркәсіп кешені бойынша өзекті мәселелерді зерделеу жұмыстары жөніндегі баяндамасы тыңдалды. Оның айтуынша, 2026 жылға министрлік тарапынан мақсатына сай пайдаланылмаған жерлерді қайтару, жалпы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер пайдаланушыларға хабарлама беру, мемлекет меншігіне қайтарылған жайылымдарды қоғамдық жайылымға бекіту жоспарлары әзірленген. Облыс бойынша 87 мыңнан астам жеке және заңды тұлғаларда 4527,3 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері тіркелген. Жеке және заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерін мақсатына сай пайдалануы бойынша хабарлама берілген. Жыл басында елді мекендерде 531,1 мың гектар қоғамдық жайылым тапшылығы анықталған. Биыл елді мекендерді қоғамдық жайылыммен қамтамасыз ету мақсатында мемлекет меншігіне қайтарылған жайылымдардың 161,9 мың гектарын ауылдық округ әкімдіктеріне қоғамдық жайылым үшін бекіту жоспарланып, есепті мерзімге 165,6 мың гектар жайылым жерлер қоғамдық жайылым үшін бекітілді. Бүгінгі таңға қоғамдық жайылым тапшылығы 365,5 мың гектарды құрап отыр. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарында берілген тапсырмаларды орындау бағытында өңірде салық төлеуді, инвестициялар тартуды және тиісті ауылдық аумақтарды дамытуды қамтамасыз ету, жұмыс істеп тұрған ауыл шаруашылығы өндірушілері мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеушілер үшін жер пайдалану құқығын жалғастыру мәселелері жөніндегі арнайы комиссия құрылған. Жұмыс органы тарапынан жалпы 97 жер пайдаланушының 181 жер учаскесіне қатысты құжаттары қаралды. Былтыр мемлекет тарапынан 541 жеке және заңды тұлғалардан 6831,0 млн теңгеге 1936 субсидия өтінімдері тіркелген. 2025 жылы жалпы субсидия алған 541 жеке және заңды тұлғалар салық төлеуші ретінде тіркеліп, 213 жеке және заңды тұлғалар тарапынан 23,7 млн теңге салық төлемдері жүргізілген. Сондай-ақ жиында агроөнеркәсіп кешеніндегі өзекті мәселелерді зерделеу мақсатында құрылған жұмысшы топтың зерделеу нәтижелері, ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестігін нақтылау бойынша атқарылған жұмыстар сараланды. Жайылым жерлердің қайтару барысы облыс басшысының тұрақты бақылауында тұр.

 

Алдыңғы пост

Нұрлыбек Нәлібаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында экотуризмді дамыту мәселелерін талқылады

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: «Қазақстан халқына» қоры арқылы ауыл мектептеріне қолдау көрсетіледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі