Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: «Қазақстан халқына» қоры арқылы ауыл мектептеріне қолдау көрсетіледі

23 июня, 2026
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: «Қазақстан халқына» қоры арқылы ауыл мектептеріне қолдау көрсетіледі
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Өңір басшысы бұл жобаның Түркістан облысы үшін маңызы жоғары екенін атап өтті. «Қазақстан халқына» қоры арқылы Түркістан облысындағы ауыл мектептеріне қолдау көрсетіледі. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бейнебайланыс арқылы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының Қамқоршылық кеңесінің отырысына қатысты. Жиында «Түркістан облысының мектептеріне «Білім-Инновация» лицейлерінің тәжірибесін енгізу» қайырымдылық жобасы қаралып, бастама кеңес мүшелерінің қолдауына ие болды. «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Бану Нұрғазиева мен қордың басқарма төрағасы Ләззат Чинкисбаева аталған бастаманың маңызына тоқталып, оны сапалы жүзеге асыру керектігін айтты. Өңір басшысы бұл жобаның Түркістан облысы үшін маңызы жоғары екенін атап өтті. – Ең алдымен, бүгінгі басқосуға шақырғандарыңыз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен құрылған «Қазақстан халқына» қорының әлеуметтік салаларды дамытуға бағытталған әрбір жобасының орны ерекше. Бұл Қор алғашқы күннен бастап еліміздегі шынайы қамқорлықтың, жанашырлық пен мызғымас бірліктің символы болып қалыптасты. «Қазақстан халқына» қоры Түркістан облысының халқына нақты қолдау көрсетіп келеді. Түркістан облысы – демографиялық өсімі жоғары, балалар саны ең көп стратегиялық аймақ. 2022 жылдан бері өңірімізде жалпы сомасы 12 млрд теңгеден астам қаражатқа қайырымдылық жобалары жүзеге асырылды. Оның ішінде білім беру саласына – 5,3 млрд теңге, денсаулық сақтауға – 5,2 млрд теңге, әлеуметтік қорғауға – 547 млн теңге, спорт және мәдениет салаларына 994 млн теңге көлемінде қолдау көрсетілді. Білім беру бағытында 5 ірі жоба сәтті іске асырылды. Атап айтқанда, ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін арттыру, арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтау, сондай-ақ «Қазақстан халқына» қорының білім гранттары жүзеге асырылды. Біз қордың қолдауын өте жоғары бағалаймыз. Себебі бұл – мыңдаған түркістандық бүлдіршіннің дамуына және сапалы білім алуына тікелей септігін тигізетін нақты инвестиция. Бүгін қаралып отырған «Түркістан облысының мектептеріне «Білім-Инновация» лицейлерінің тәжірибесін енгізу» жобасының біз үшін маңызы өте жоғары. Себебі облысымыздағы 1106 мектептің 82 пайызы, яғни 906 мектебі ауылдық жерде орналасқан. Халықаралық PISA зерттеулерінің қорытындысы ауыл мен қала мектептері арасында, әсіресе жаратылыстану-математикалық бағытта айтарлықтай алшақтық бар екенін көрсетіп отыр. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, осы олқылықтың орнын толтыру үшін қор тарапынан облыстың 100 ауылдық мектебін заманауи физика, химия және биология кабинеттерімен жабдықтауға 5,1 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Қордан бөлінген әрбір теңгенің тиімді жұмсалуы және ауыл мектептеріндегі білім сапасы әкімдіктің бақылауында болады. Бұл жоба – Түркістан облысының болашағы үшін аса маңызды бастама. Сіздердің оң шешімдеріңіз өңіріміздің білім саласына жаңа серпін беріп, мыңдаған балаға сапалы білім алуға жол ашатын болады, – деді Нұралхан Көшеров. Жиында аталған бастаманың ауылдық мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, білім сапасын арттыруға және оқушылардың жаратылыстану пәндерін терең меңгеруіне мүмкіндік беретіні айтылды. Қамқоршылық кеңесінің мүшелері жобаны қолдап, оның өңірдегі білім беру жүйесін дамытуға және ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасы алшақтығын азайтуға оң ықпал етеріне сенім білдірді. Түркістан облысының әкімдігі де жобаның сәтті жүзеге асуына қолдауды бастап кетті. Облыс бюджетінен 100 мектептің жөндеу жұмыстарына және 4600 педагог пен мектеп басшыларын оқытуға тиісті қаржы бөлінді. «Білім-Инновация» халықаралық қорымен бірлесе отырып, үш жыл бойы мұғалімдерге менторлық қолдау көрсетіледі.

 

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН: 50 мың гектарға жуық жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Келесі жаңалық

Түркістан облысы экономикалық өсім бойынша республикада көш бастады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі