Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

Түркістан облысында инвестициялық жобалардың іске асу барысы мен өңір экономикасын дамытудағы өзекті мәселелер кең көлемде талқыланды

8 июня, 2026
in Басты жаңалықтар
0
Түркістан облысында инвестициялық жобалардың іске асу барысы мен өңір экономикасын дамытудағы өзекті мәселелер кең көлемде талқыланды
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбектің төрағалығымен инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан және алдағы уақытта іске қосылуы жоспарланған инвестициялық жобалардың қазіргі жағдайы жан-жақты қаралды. Жиында жобалардың орындалу барысы, дайындық деңгейі, туындаған мәселелер және оларды шешу тетіктері кеңінен талқыланды.

Отырысқа облыстық басқарма басшылары, аудан және қала әкімдері, сондай-ақ инвестициялық жобалардың бастамашылары қатысты. Кездесу барысында әр жоба бойынша жеке есеп тыңдалып, құрылыс және іске асыру кезеңдеріндегі нақты мәселелер қаралды.

Облыс әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек инвестициялық жобалардың уақытылы әрі сапалы жүзеге асырылуы өңір экономикасы үшін аса маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, әрбір инвестициялық бастама жаңа жұмыс орындарын ашуға, өндірістік қуатты арттыруға және облыстың экономикалық өсімін қамтамасыз етуге тікелей әсер етеді. Осыған байланысты жауапты құрылымдарға жобаларды сүйемелдеу жұмыстарын күшейту, кедергілерді дер кезінде шешу және барлық процесті жүйелі бақылауда ұстау тапсырылды.

Сонымен қатар, инвестициялық жобалардың тиімділігі мен нәтижелілігі тұрақты бақылауда болатыны, әрбір бастама бойынша нақты көрсеткіштерге қол жеткізу талап етілетіні айтылды. Әкімдік тарапынан барлық деңгейдегі жауапты органдардың үйлесімді жұмысы маңызды екені ерекше атап өтілді.

Бүгінде Түркістан облысында бірқатар ірі инвестициялық жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Түркістан қаласындағы «TURAN» арнайы экономикалық аймағында «Hygeia Textile Kazakhstan» ЖШС тоқыма зауытының құрылысы жүргізілуде. Кәсіпорын заманауи 16 роторлы иіру желісімен жабдықталады.

Келес ауданында «Ажур» ЖШС қуаттылығы 20 МВт болатын күн электр станциясын салу жобасын іске асыруда. Бұл жоба өңірдің жасыл энергетика саласын дамытуға бағытталған.

Төлеби ауданында «Қазығұрт бақтары» агроөнеркәсіптік кешені жеміс өңдеу цехы мен көкөніс сақтау қоймасын салуда. Ал Жетісай ауданында «Olzha Smart» ЖШС жаңа жалпы білім беретін мектеп құрылысын жүргізіп жатыр.

Бәйдібек ауданында «AMANAT AGRO BAIDYBEK» агрокешені мақта өңдеу және тамшылатып суару жүйелерін өндіретін кәсіпорын құрылысын жүзеге асыруда. Бұл жобалар ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп саласының қатар дамуына серпін бермек.

Өңірде инвестиция тарту және жаңа өндіріс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар қарқынды жүргізіліп келеді. 2025 жылы Түркістан облысының экономикасына 1,7 трлн теңге инвестиция тартылып, бұл көрсеткіш 121,6 пайыз өсімді көрсетті.

Өткен жылы жалпы құны 340 млрд теңгені құрайтын 58 инвестициялық жоба іске қосылып, нәтижесінде 8 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл өңірдегі өндірістік әлеуеттің артып келе жатқанын көрсетеді.

Биылғы жоспарға сәйкес Түркістан облысына тағы 1,7 трлн теңге инвестиция тарту көзделген. Осы мақсатта жалпы құны 369 млрд теңгені құрайтын 67 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Бұл жобалар өңірдің индустриялық дамуын жеделдетіп, жаңа жұмыс орындарының санын арттыруға және экономикалық өсімді тұрақтандыруға мүмкіндік береді.

Алдыңғы пост

Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтаманы беру мемлекеттік қызметі

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: Сайрам ауданында агроөнеркәсіптік әлеуетті арттыратын ірі инвестициялық жоба – жылына 20 мың тонна ет өндіретін кешеннің құрылысы қарқын алды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі