Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: Сайрам ауданында агроөнеркәсіптік әлеуетті арттыратын ірі инвестициялық жоба – жылына 20 мың тонна ет өндіретін кешеннің құрылысы қарқын алды

8 июня, 2026
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: Сайрам ауданында агроөнеркәсіптік әлеуетті арттыратын ірі инвестициялық жоба – жылына 20 мың тонна ет өндіретін кешеннің құрылысы қарқын алды
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

Түркістан облысының Сайрам ауданында өңірдің агроөнеркәсіптік әлеуетін күшейтуге бағытталған ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Арыс ауылдық округіне қарасты Қожақорған ауылында жылына 20 мың тонна ет өндіруге қауқарлы ірі қара мал бордақылау кешені мен мал сою алаңының құрылысы қарқынды жүріп жатыр.

Аталған жобаның жалпы инвестициялық құны 3,5 млрд теңгені құрайды. Кешенді «BEK-AGRO» KZ шаруа қожалығы жүзеге асыруда. Жоба өңірдегі ет өндірісін дамытуға, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге және экспорттық әлеуетті арттыруға бағытталған.

Сайрам ауданының әкімі Мадияр Оразалиев құрылыс алаңына арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Жауапты мамандармен және жоба өкілдерімен кездесіп, өндірістік нысанның сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуы бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Жоба толық іске қосылған кезде кешен бір мезетте 10 000 басқа дейін ірі қара малды бордақылауға мүмкіндік береді. Бұл өңірдегі мал шаруашылығының өндірістік қуатын айтарлықтай арттырып, ет өнімдерін тұрақты көлемде өндіруге жол ашады. Сонымен қатар, кешенде мал сою және етті өңдеудің толық технологиялық циклі қарастырылған.

Өндірістік кешеннің тағы бір маңызды бағыты – дайын өнімді ішкі нарыққа жеткізумен қатар, шетелдік нарықтарға экспорттау мүмкіндігін кеңейту. Бұл өңірдің агроөнеркәсіптік саласын халықаралық деңгейге шығаруға ықпал етеді.

Жобаның әлеуметтік маңызы да жоғары. Кешен толық іске қосылған жағдайда 75 жаңа жұмыс орны ашылып, жергілікті тұрғындар тұрақты жұмыспен қамтылады. Бұл ауыл халқының табысын арттырып, әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға ықпал етеді.

Құрылыс жұмыстарының 2027 жылы толық аяқталуы жоспарланған. Қазіргі таңда нысанда негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Инфрақұрылымдық жүйелерді қалыптастыру, өндірістік алаңдарды дайындау және технологиялық жабдықтарды орнатуға дайындық жұмыстары жалғасуда.

Өңір басшылығы мұндай инвестициялық жобалардың аудан экономикасын әртараптандырудағы рөлін ерекше атап өтуде. Агроөнеркәсіптік кешендердің дамуы ауыл шаруашылығы саласының тиімділігін арттырып қана қоймай, жаңа өндірістік бағыттардың қалыптасуына жол ашады.

Сайрам ауданында жүзеге асырылып жатқан бұл жоба өңірдің ет өндірісін жүйелі дамытуға, ауыл шаруашылығы өнімдерінің қосылған құнын арттыруға және инвестициялық тартымдылықты күшейтуге бағытталған маңызды қадам ретінде бағалануда.

Алдыңғы пост

Түркістан облысында инвестициялық жобалардың іске асу барысы мен өңір экономикасын дамытудағы өзекті мәселелер кең көлемде талқыланды

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: Нұралхан Көшеров бастаған делегация Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі