Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

Түркістан облысының әкімі Хубэй провинциясы губернаторымен ресми кездесу өткізді

11 июня, 2026
in Басты жаңалықтар
0
Түркістан облысының әкімі Хубэй провинциясы губернаторымен ресми кездесу өткізді
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінде Түркістан облысында Қытай капиталының қатысуымен жалпы құны 148 млрд теңгені құрайтын 17 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында бауырлас өңір саналатын Хубэй провинциясы губернаторы Ли Дяньсюньмен ресми кездесу өткізді. Кездесуде екі өңір арасындағы инвестициялық, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру, бірлескен жобаларды жүзеге асыру және іскерлік байланыстарды кеңейту мәселелері жан-жақты талқыланды. Хубэй провинциясының губернаторы Ли Дяньсюнь өңірлер арасындағы әріптестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізіп, ғылым, технология және инновация салаларындағы ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды. – Біз Қазақстанмен қалыптасқан достық қарым-қатынасты жоғары бағалаймыз. «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында сауда-экономикалық байланыстарды нығайтып, инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға мүдделіміз. Сонымен қатар ғылым, білім беру, мәдениет және логистика бағыттарындағы өзара ықпалдастықты кеңейтуге дайынбыз. Түркістан өңірі Қытай мен Еуропаны байланыстыратын маңызды логистикалық көпір бола алады, – деді Ли Дяньсюнь. Өз кезегінде Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қытайлық әріптестерге көрсетілген қонақжайлық пен жылы қабылдау үшін алғыс білдірді. – Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестік мемлекет басшыларының тұрақты әрі сенімді диалогының арқасында жаңа деңгейге көтерілді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин өткізген нәтижелі кездесулер екіжақты ынтымақтастықтың берік негізін қалыптастырды. Бұл ретте, Президентіміз мемлекеттеріміз арасындағы қарым-қатынастың достық пен стратегиялық серіктестіктің екінші «Алтын отыз жылдығына» қадам басқанын айрықша атап өтті. Осы орайда, екі мемлекет басшылары айқындаған басым бағыттарды Түркістан облысы мен Хубэй провинциясы өңіраралық деңгейде тиімді жүзеге асыруда, – деді облыс әкімі. Нұралхан Көшеров Түркістан облысының өндірістік және инвестициялық әлеуетіне тоқталды. Тараптар ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, туризм, білім беру, денсаулық сақтау, цифрландыру және логистика салаларындағы әріптестікті дамыту мәселелеріне ерекше назар аударды. Кездесу барысында Түркістан облысының туристік әлеуеті де таныстырылды. Облыс басшысы әлемдік маңызы бар тарихи-мәдени мұра нысаны – Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілгенін атап өтіп, қытайлық туристер үшін өңірдің тартымдылығын арттыру бағытындағы жұмыстар туралы айтты. Сонымен қатар тараптар көлік және логистика саласындағы ынтымақтастыққа ерекше мән берді. Түркістан облысының халықаралық транзиттік дәліздер бойында орналасуы өңірдің инвестициялық және сауда әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің маңызы ерекше аталды. Кездесу қорытындысында тараптар өңіраралық әріптестікті одан әрі дамытуға және жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екендіктерін растады. Бүгінде Түркістан облысында Қытай капиталының қатысуымен жалпы құны 148 млрд теңгені құрайтын 17 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Айта кетейік, Түркістан облысы мен Хубэй провинциясы арасындағы бауырластық қарым-қатынас туралы келісімге 2024 жылы қол қойылған. Кейін Астанада өткен Орталық Азия – Қытай саммиті аясында бұл келісім ресми түрде бекітіліп, өңіраралық ынтымақтастық жөніндегі жол картасы қабылданды. Хубэй провинциясы Қытайдың орталық бөлігіндегі жетекші экономикалық өңірлердің бірі саналады. Халық саны 60 миллионнан асады. Өңір автомобиль жасау, металлургия, химия өнеркәсібі, фармацевтика, оптоэлектроника және жоғары технологиялық өндіріс салаларында көш бастап келеді. Провинцияның әкімшілік орталығы Ухань қаласы Еуразия кеңістігіндегі маңызды көлік-логистикалық хабтардың бірі ретінде танылған. Түркістан мен Хубэй арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту өңірлердің экспорттық әлеуетін арттыруға, жаңа инвестициялар тартуға және халықаралық сауда байланыстарын дамытуға тың серпін береді. Бөлісу

 

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН: Қытай сапарында жаңа жобалардың бағыты айқындалды

Келесі жаңалық

Түркістан облысында су үнемдеу технологиялары кеңейіп, ауыл шаруашылығының тиімділігі артып келеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі