Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

Түркістан облысында су үнемдеу технологиялары кеңейіп, ауыл шаруашылығының тиімділігі артып келеді

11 июня, 2026
in Басты жаңалықтар
0
Түркістан облысында су үнемдеу технологиялары кеңейіп, ауыл шаруашылығының тиімділігі артып келеді
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында су ресурстарын тиімді пайдалану және ауыл шаруашылығы өндірісін тұрақты дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Өңірде су үнемдеу технологияларын енгізу қарқыны артып, мыңнан астам шаруа қожалығы заманауи әдістерге көшіп үлгерді.

Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен өткен мәжілісте суғару маусымының барысы, ағын суды бөлу және шаруашылықтарды қамтамасыз ету мәселелері жан-жақты қаралды. Жиында жауапты басқарма өкілдері мен аудан әкімдіктері атқарылып жатқан жұмыстар бойынша есеп берді.

Шардара су қоймасынан Шардара, Отырар және Арыс аудандарының жалпы 74,7 мың гектар егістік жері суарылады. Бүгінгі күнге дейін су қоймасынан 448,3 млн текше метр су босатылған. Ал «Достық» магистральді каналы арқылы Мақтаарал мен Жетісай аудандарының шаруаларына 484,5 млн текше метр ағын су жеткізілген.

Сонымен қатар «Зах», «Ханым» және «Үлкен Келес» су арналары арқылы Қазығұрт, Сарыағаш және Келес аудандарындағы 4251 шаруа қожалығы ағын сумен қамтылып отыр. Су бөлу жұмыстары аудандарда алдын ала бекітілген кезектілік кестесіне сәйкес жүргізілуде.

Өңірде су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстары да қарқын алған. Бүгінде 1083 шаруа қожалығының егістік алқаптары тамшылатып суғару және басқа да заманауи жүйелерге көшірілген. Қосымша 328 шаруа қожалығы тиісті құжаттарын рәсімдеп, су үнемдеу жабдықтарын жеткізуші кәсіпорындармен келісімшарт жасау үстінде.

Мамандардың айтуынша, шаруалардың мұндай технологияларға бет бұруы су шығынын азайтып қана қоймай, өнімділікті арттыруға да мүмкіндік береді. Су тапшылығы қаупі күшейіп отырған кезеңде бұл ауыл шаруашылығы үшін стратегиялық маңызды бағыттардың бірі болып отыр.

Облыс әкімінің орынбасары су ресурстарын пайдалану тәртібін қатаң бақылауда ұстау қажеттігін атап өтіп, тиісті мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді. Ағын суды бөлу кезінде әділдік пен мерзімнің сақталуы басты талап ретінде белгіленді.

Айта кету керек, Түркістан облысында су үнемдеу технологияларын енгізу көлемін 164 мың гектарға дейін жеткізу жоспарланған. Бұл бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына жағдай жасалмақ.

Алдыңғы пост

Түркістан облысының әкімі Хубэй провинциясы губернаторымен ресми кездесу өткізді

Келесі жаңалық

Түркістан облысының әкімі Хубэй провинциясында маңызды кездесулер өткізді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі