Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Кәсіпкерлік саласында 377 жоба сүйемелденіп жатыр

16 июня, 2026
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Кәсіпкерлік саласында 377 жоба сүйемелденіп жатыр
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Аталған жобалар толық іске асқанда 3082 жаңа жұмыс орны ашылады. Түркістан облысында кәсіпкерлік саласында 58,5 млрд теңгенің 377 жобасы сүйемелденіп жатыр. Түркістан облысында кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Саладағы өзекті мәселелер мен алдағы міндеттер облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте талқыланды. Өңірде бүгінде 200 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді. Бұл көрсеткіш бойынша Түркістан облысы Алматы және Астана қалаларынан кейін республикада үшінші орында тұр. Сонымен қатар сауда саласындағы нақты көлем индексі 119,7 пайызға жетіп, өңір еліміз бойынша үздік үштікке енді. Облыста кәсіпкерлік жобаларды сүйемелдеу, қаржылай қолдау және өндірістік алаңдар арқылы жаңа өндірістер ашу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Қазіргі таңда «Түркістан» кәсіпкерлерге қызмет көрсету мекемесі арқылы жалпы құны 58,5 млрд теңгені құрайтын 377 бизнес-жоба сүйемелденіп жатыр. Аталған жобалар толық іске асқанда 3082 жаңа жұмыс орны ашылады. Жыл басынан бері осы жобалардың 78-і іске қосылып, экономикаға 9,5 млрд теңге инвестиция тартылды. Нәтижесінде 275 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Іске қосылған жобалардың қатарында сабын және пластик ыдыс өндірісі, балық өңдеу, ауыл шаруашылығы техникасының қосалқы бөлшектерін шығару, жиһаз өндірісі, мақта өңдеу, құрылыс материалдарын өндіру және медицина саласындағы жобалар бар. Кәсіпкерлерді қолдаудың маңызды тетігі саналатын қаржыландыру бағытында да нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Биыл «Өрлеу» және «Іскер аймақ» бағдарламалары арқылы кәсіпкерлерге 85 млрд теңге көлемінде несие беру жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін «Өрлеу» бағдарламасы аясында 64 жобаға 18,6 млрд теңге қаржы берілді. Ал «Іскер аймақ» бағдарламасы арқылы 6 жобаға 448,5 млн теңге көлемінде несие рәсімделді. Сонымен қатар «Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде 140 жобаға сүйемелдеу жүргізіліп, бүгінгі күнге дейін 69 жобаға 606,4 млн теңге қаржы қарастырылған. Бағдарлама аясында қымыз өндіру, аяқ киім тігу, балық өңдеу, табиғи шырын шығару, ет және мақта өнімдерін өңдеу бағытындағы жобалар іске қосылды. Өңірде өндірістік инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Бүгінде облыс аумағында 29 шағын өндірістік алаң құрылған. Бұл аумақтарда 275 өндірістік ғимараттың құрылысы басталып, оның 141-і пайдалануға берілді. Жалпы құны 226,9 млрд теңгені құрайтын 269 жобаның пулы жасақталған. Оның ішінде 78 жоба іске қосылып үлгерді. Өндірістік парктерде жиһаз өндірісі, құрылыс материалдарын шығару, жеңіл өнеркәсіп, химия және тамақ өнеркәсібі бағытындағы жобалар жүзеге асырылуда. Жыл соңына дейін ақылды есептегіш құралдар, күн панельдерінің бөлшектері, пластикалық құбырлар, тұрмыстық химия өнімдері және құрылыс материалдарын өндіретін бірқатар ірі жобалар іске қосылады. Мәжілісте облыс әкімі Нұралхан Көшеров кәсіпкерлікті қолдау жұмыстарын күшейтіп, өндірістік жобаларды уақтылы іске асыруды, инвестиция тарту қарқынын арттыруды және жергілікті өнім өндірушілердің үлесін көбейтуді тапсырды. Бұл бағыттағы жұмыстар қатаң бақылауға алынған.

 

Алдыңғы пост

Түркістан облысы делегациясы Қытайда жаңа инвестициялық жобалар пулын қалыптастырды

Келесі жаңалық

Түркістанда жаңа сәулеттік жобалар талқыланып, өңірдің туристік және қалалық келбетін жаңғырту бағыттары айқындалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі