Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

3 августа, 2026
in Экономика, Қоғам
0
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

Қазығұрт ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында облыстық «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Табиғатты қорғауға бағытталған тағылымды шара Шарбұлақ ауылындағы тарихи бұлақтың маңында өтті.
Акцияға Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, облыстық мәслихат депутаты Нұржан Аширов, Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов, коммуналдық мекеме қызметкерлері, еріктілер, белсенді жастар, ауыл ақсақалдары мен ақ жаулықты аналар қатысып, туған өлкенің табиғатын қорғау ісіне өз үлестерін қосты.
Іс-шара барысында Шарбұлақ ауылындағы бұлақ көздерінің айналасы қоқыстан тазартылып, аумақ абаттандырылды. Сонымен қатар гүл көшеттері отырғызылып, бұлақ маңын көркейту жұмыстары жүргізілді. Жалпы аудан көлемінде өткен экологиялық акцияға 300-ден астам адам белсенді қатысты.
Акция барысында Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов сөз сөйлеп, табиғатты қорғау – әрбір азаматтың ортақ парызы екенін атап өтті.
«Халқымызда “Бұлақ көрсең – көзін аш” деген дана сөз бар. Бұл – ата-бабамыздан қалған аманат. Табиғат – баршаға ортақ байлық, ал әрбір бұлақ – келер ұрпаққа қалдырар асыл мұра. Сондықтан туған жеріміздің тазалығы мен көркеюіне бәріміз бір кісідей атсалысуымыз қажет», – деді ол.
«Мөлдір бұлақ» акциясы – қоршаған ортаны қорғаумен қатар, туған жерге деген жанашырлықты арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама. Осындай игі шаралар табиғатты аялау дәстүрін нығайтып, елдің экологиялық санасын дамытуға өз үлесін қоса береді.
Айта кетейік, Қазығұрт ауданына қарасты Шарбұлақ ауылы тарихқа бай өлкелердің бірі. Халық аңыздарында XIII-XIV ғасырда өмір сүрген көрнекті әулие Ысмайыл ата Аллаға жалбарынып тұрып, аса таяғын төрт рет сілтеп жібереді сол кезде таяқ қадалған жерден төрт бұлақ қайнап шыға келеді. Бейпіл суға мейірі қанып су шыққан жерді Шарбұлақ деп атап кетеді. Ғалымдардың пайымдауынша «Шар» — парсы сөзі, «төрт» деген мағынаны береді. «Шарбұлақ» — «Төрт бұлақ», яғни Ысмайыл атаның төрт бұлағы деген сөз

#Таза_Қазақстан

Tags: «Таза Қазақстан»Президент ТоқаевЭкологиялық акция
Алдыңғы пост

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ЭКОАКЦИЯ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Август 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31  
« Июл    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі