Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДА ЖАСТАР ҰЙЫМДАРЫМЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

4 августа, 2026
in Қоғам
0
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры А. Заппаровтың төрағалығымен Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» өкілдері, жастар ұйымдарының жетекшілері мен еріктілердің қатысуымен кеңейтілген кездесу өтті.
Кездесу «Интернет алаяқтық қылмыстарының алдын алу профилактикасы: өзекті мәселелер және оларды болдырмау бойынша бірлескен жұмыстар» тақырыбы аясында ұйымдастырылды. Іс-шара барысында интернет алаяқтық қылмыстарының бүгінгі ахуалы, азаматтарды алаяқтардың арбауына түсуден қорғау жолдары, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру және жастардың профилактикалық жұмыстарға белсенді қатысуының маңыздылығы кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар, тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту, бірлескен профилактикалық іс-шараларды жүйелі ұйымдастыру, еріктілердің қатысуымен халық көп шоғырланатын орындарда түсіндіру акцияларын өткізу, сондай-ақ әлеуметтік желілерде алдын алу бағытындағы ақпараттық контентті көбейту жөнінде нақты ұсыныстар айтылды.
Кездесу қорытындысында интернет алаяқтық қылмыстарының алдын алу бағытындағы өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында Түркістан облысы Полиция департаменті мен жастар ұйымдары арасында өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды.
Аталған кездесуге өңірдегі 30-дан астам Жастар ресурстық орталықтарының басшылары, жастар ұйымдарының жетекшілері мен еріктілер қатысып, алдағы уақытта халықтың киберқауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және интернет алаяқтықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды бірлесіп жүзеге асыруға дайын екендіктерін білдірді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
#Заңментәртіп

Tags: Заң мен тәртіпКиберқауіпсіздік
Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Келесі жаңалық

«STOP-RISK» жобасы аясында Әл-Фараби ауданы прокуратурасының бастамасымен және үйлестіруімен «Арбат» саябағында мобильді топтың қатысуымен профилактикалық іс-шара өтті.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Август 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31  
« Июл    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі