Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ОТБАСЫ КҮНІ: «ОТБАСЫМ – МАҚТАНЫШЫМ» АТТЫ ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

11 сентября, 2026
in Uncategorized
0
ОТБАСЫ КҮНІ: «ОТБАСЫМ – МАҚТАНЫШЫМ» АТТЫ ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» Түркістан облыстық Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен Отбасы күніне орай «Отбасым – мақтанышым» атты тағылымды кездесу өтті. Іс-шара «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы аясында ұйымдастырылып, отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, ұрпақтар сабақтастығын нығайту және өнегелі отбасылардың тәжірибесін насихаттауды мақсат етті. Жиында облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Гүлсара Тоққұлова жүргізді. Кездесу барысында қатысушылар «Салауатты сана» жобасы аясында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, «Берекелі шаңырақ – бақытты ұрпақ», «Отбасындағы бақытты кім қалыптастырады?», сондай-ақ «Біз бір-бірімізден не үйрене аламыз?» тақырыптары бойынша ой бөлісті. Басқосуда Түркістан облыстық «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Эльмира Жанғазиева, полиция майоры Айгерім Жарқынбек, Сауран ауданынан келген өнегелі Әбдірахмановтар отбасы, «Армандар орындалады» жобасының авторы Әсел Бимырзаева және психолог Жансая Өміртаева сөз сөйлеп, отбасының қоғамдағы маңызына қатысты мазмұнды пікірлерін ортаға салды. Кездесу басында қатысушылар «Бақытты отбасы – бұл…» тақтайшасына өздерінің жүрекжарды тілектері мен отбасы бақыты туралы түйінді ойларын жазды. Іс-шара соңында өнегелі отбасыларға және белсенді қатысушыларға сый-сияпаттар табысталды. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Tags: Отбасы күні
Алдыңғы пост

Президент: «Ұлттық спорт түрлерін дамыту – Үкімет пен әкімдіктердің алдында тұрған аса маңызды міндет»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сентябрь 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930  
« Авг    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі