Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Түркістан облысында су шаруашылығы нысандарын жаңғырту жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалуы тексерілді

12 сентября, 2026
in Қоғам
0
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сыйымдылығы 68 млн текше метр болатын «Бәйдібек ата» су қоймасының құрылысы аяқталуға жақын Үкімет су қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту саласында Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда. Осы міндеттердің жүзеге асырылу барысын бақылау шеңберінде су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Түркістан облысында салынып жатқан жаңа «Бәйдібек ата» су қоймасының құрылыс барысымен танысты. Сыйымдылығы 68 млн м3 болатын су қоймасы Бөген өзенінің көктемгі ағынын жинақтап, вегетациялық кезеңде қосымша су қорын пайдалануға мүмкіндік береді. Су қоймасының аумағы – 220 га, бөгеттің ұзындығы – 3,9 шақырым. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін қосымша су көлемімен 9,7 мың га суармалы жер қамтамасыз етіледі. Қазіргі таңда нысанның дайындық деңгейі 86%. Құрылысты ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Көктемгі ағын кезеңінде жиналған су кейін ауыл шаруашылығы қажеттіліктеріне пайдалану үшін Бөген су қоймасына жіберіледі. Бұл су ресурстарын жыл бойы барынша біркелкі бөлуге және суға сұраныс ең жоғары кезеңде шаруаларды сумен қамту сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Суармалы егіншілік алқаптары ауқымды Түркістан облысы үшін су жинақтау инфрақұрылымын дамыту – су қауіпсіздігін нығайтудың негізгі бағыттарының бірі. Жаңа су қоймаларын салу тасқын және маусымдық кезеңдердегі су ағынын жинақтап, суға қажеттілік артқан кезде пайдалануға мүмкіндік береді. Су шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жұмыстары басқа да нысандарда жалғасуда. Биыл Түркістан облысының Төле би ауданында сыйымдылығы 1,2 млн м3 болатын «Қарақуыс» су қоймасының құрылысы аяқталды. Ол 500 га суармалы жерді ағын сумен қамтамасыз етуге арналған. Бұдан бөлек, Ислам даму банкімен бірлесе үш жаңа су қоймасын – Жамбыл облысындағы «Ақмола», Қызылорда облысындағы «Қараөзек» және Батыс Қазақстан облысындағы «Үлкен Өзен» су қоймаларын салу жобалары жүзеге асырыла бастады. Үш жоба бойынша да конкурстық рәсімдер жүргізілуде. @KZgovernment

Алдыңғы пост

ОТБАСЫ КҮНІ: «ОТБАСЫМ – МАҚТАНЫШЫМ» АТТЫ ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сентябрь 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930  
« Авг    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі