Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

«Әділет» жастары «Оқырман ұрпақ» жобасын іске қосты

7 октября, 2026
in Қоғам
0
«Әділет» жастары «Оқырман ұрпақ» жобасын іске қосты
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Әділет» партиясының Жастар қанаты жастар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Оқырман ұрпақ» жобасын іске қосты. Жоба аясында жастар кітап клубтарына бірігеді. Солай «Бір ай – бір кітап – бір кездесу» қағидаты бойынша ай сайын бір шығарманы оқып, бірге талқылайды.
Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі бастамасымен үндеседі. Негізгі мақсаты – гаджет пен ақпарат ағыны басым заманда жастардың кітапқа қызығушылығын арттырып, сыни ойлауын дамыту және өз пікірін еркін білдіретін тұрақты әдеби орта құру. Бастамаға 17 облыс пен 3 республикалық маңызы бар қаладағы шамамен 1500 жас қатысып отыр.
Түркістан облысында «Оқырман ұрпақ» қозғалысының тұсаукесері «Altynsarin» Түркістан облыстық балалар кітапханасында ұйымдастырылды. Жиынға түрлі әдеби клубтардың мүшелері қатысып, жастар арасында оқу мәдениетін дамытудың маңызын талқылады.
Түркістандағы бастаманың ерекшелігі – кітап оқуды бір форматпен шектемей, жастардың қызығушылығына қарай түрлі іс-шаралармен толықтыру. Алдағы уақытта кітап талқылауларымен қатар Quiz, пікірсайыс және интеллектуалды ойындар өткізу жоспарланып отыр.
«Бұл оқырман клубының жұмысын алдағы уақытта түрлі форматта жалғастырғымыз келеді. Тек дөңгелек үстелде бас қосып, кітап бойынша 2-3 сұрақ қойып, әркімнің жауабын тыңдаумен шектелмей, куиздер, пікірсайыстар өткізуді жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта интеллектуалды ойындар үлкен тенденцияға айналып келе жатыр», — деді «Әділет» партиясы Жастар қанаты Түркістан облыстық филиалының төрағасы Еркебұлан Мадиярұлы.

Tags: Әділет партиясы
Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН: АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ ТУҒАН ЖЕРГЕ ОРАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Октябрь 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Сен    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі