Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкентте «Терең тарихтан – жарқын болашаққа!» республикалық пікірсайыс турнирі өтті

26 октября, 2026
in Қоғам
0
Шымкентте «Терең тарихтан – жарқын болашаққа!» республикалық пікірсайыс турнирі өтті
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
24–25 қазан күндері Республика күніне орай Шымкент қаласында «Терең тарихтан – жарқын болашаққа!» атты республикалық пікірсайыс турнирі өтті. Зияткерлік дода Шымкент қаласының жастар саясаты басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің бірлесіп ұйымдастыруымен өтті. Турнирге еліміздің 8 өңірінен 200-ден астам пікірсайысшы қатысып, қазақ және орыс лигалары бойынша бақ сынасты. Қатысушылар шешендік өнерін, сыни ойлау қабілетін және дәлелді пікір айту шеберлігін көрсетіп, өзара тартысты бәсекеге түсті. Финалдық кезеңде Алматы қаласы мен Түркістан облысының командалары кездесіп, нәтижесінде Алматы қаласының командасы жеңіске жетті. Қазақ лигасының жеңімпаздары — І орын (АПФ): Әсембек Думан, Серікбаев Уәлихан (Алматы қаласы). — ІІ орын (АПФ): Әбілқан Мейірбек, Ахмедов Әсет (Түркістан облысы). — ІІІ орын (АПФ): Серікқызы Нұрай, Аймахан Ерасыл (Шымкент қаласы). — Үздік талпыныс (IV орын): Құнанбек Жеңіс (Шымкент қаласы). — Үздік төреші: Қалдарбек Асылхан (Шымкент қаласы). — Үздік спикер: Сейсенбай Бақдәулет (Алматы қаласы). Орыс лигасының жеңімпаздары — І орын (АПФ): Умнов Денис, Потаренко Денис (Шымкент қаласы). — ІІ орын (АПФ): Абдурахман Таймия, Ережеп Айша (Шымкент қаласы). — ІІІ орын (АПФ): Гладков Александр, Дуринетов Мухаммед (Шымкент қаласы). — Үздік талпыныс: Жұмахан Толғанай, Оспанхан Айзере (Шымкент қаласы). — Үздік төреші: Нарботаева Мерей (Шымкент қаласы). — Үздік спикер: Умнов Денис (Шымкент қаласы). Марапаттау рәсіміне Шымкент қаласының жастар саясаты басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Жансерік Бауыржанұлы Жұман қатысып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтады. Үздік нәтиже көрсеткен қатысушыларға арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды. Республикалық пікірсайыс турнирі жастардың азаматтық ұстанымын нығайтуға, шешендік өнерін дамытуға және қоғамдық мәселелерге қатысты өз көзқарасын еркін әрі дәлелді жеткізу дағдыларын қалыптастыруға бағытталды. Сонымен қатар, турнир еліміздің әр өңірінен келген жастардың тәжірибе алмасуына, зияткерлік әлеуетін арттыруына және жаңа байланыстар орнатуына мүмкіндік берді.
Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАНДА 26 ЕЛДЕН 3 МЫҢНАН АСТАМ ЖҮЙРІК ҚАТЫСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Октябрь 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Сен    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі