Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

МАЙТӨБЕ АУЫЛЫНДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН АШЫЛДЫ!

27 октября, 2026
in Қоғам
0
МАЙТӨБЕ АУЫЛЫНДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН АШЫЛДЫ!
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Республика күні мерекесі қарсаңында Түлкібас ауданына қарасты Майтөбе ауылында тұрғындар игілігіне арналған жаңа медициналық нысан салтанатты түрде ашылды.
Адам денсаулығы – қоғамның басты байлығы. Ауыл тұрғындарына сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсетуге бағытталған бұл нысанның ашылуы – ауданның денсаулық сақтау саласындағы маңызды жетістіктерінің бірі.
✅️Салтанатты ашылу рәсіміне Түркістан облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев қатысып, ауыл тұрғындарын қуанышты жаңалықпен құттықтады. Ол халық денсаулығын сақтау, медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.
✅️ Жаңа медициналық нысанның мүмкіндіктері:
▪️ Майтөбе ауылындағы 5 666 тұрғынға медициналық қызмет көрсетуге арналған;
▪️ Қабылдау қуаттылығы – бір ауысымда 45 келуші;
▪️ Емдеу бөлімі 4 төсек-орынмен жабдықталған;
▪️ Мұнда 5 дәрігер, 13 орта буын және 2 кіші буын медицина қызметкері еңбек ететін болады.
Жаңа нысан ауыл тұрғындарына медициналық көмекті дер кезінде көрсетуге, аурулардың алдын алуға және халық денсаулығын нығайтуға мүмкіндік береді.
✅️ Салтанатты шара барысында ауыл ақсақалы Сәрсен Байсейітов ақ батасын беріп, игі бастамаға ізгі тілегін арнады. Ақсақал ел амандығын, ауылдың өркендеуін және жаңа нысанда қызмет атқаратын медицина мамандарына абырой мен табыс тіледі.
✅️ Рәсім аясында жаңа ғимараттың лентасы қиылып, қатысушылар медициналық нысанның жұмыс жағдайымен танысты.
Бұл – ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам. Заманауи талаптарға сай жабдықталған жаңа нысан халық денсаулығын қорғау жолында қызмет ететін болады.
Түлкібас аудандық орталық ауруханасы халық денсаулығын сақтау жолындағы игі бастамалардың жүзеге асуына әрдайым қолдау білдіреді. Еліміз аман, халқымыз саулығы мықты болсын! Жаңа медициналық нысан ауыл тұрғындарының игілігіне қызмет етіп, талай жанның алғысына бөленсін!
Республика күні құтты болсын! Еліміз өркендеп, халқымыздың денсаулығы нығая берсін!

Tags: ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН
Алдыңғы пост

Шымкентте «Терең тарихтан – жарқын болашаққа!» республикалық пікірсайыс турнирі өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Октябрь 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Сен    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі