Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Қазақстан

ТҮРКІСТАНДА «МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНИКАЦИЯ: МАСС-МЕДИАМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА БАСҚОСУ ӨТТІ

14 ноября, 2026
in Қазақстан, Қоғам
0
ТҮРКІСТАНДА «МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНИКАЦИЯ: МАСС-МЕДИАМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА БАСҚОСУ ӨТТІ
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында «Мемлекеттік коммуникация: масс-медиамен өзара іс-қимылдың құқықтық негіздері» тақырыбында семинар өтті. Жиынға облыстық басқарма басшылары, аудан-қала әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат бөлімінің басшылары, аудан-басқармалардың баспасөз хатшылары қатысты.
Басқосуда алғашқы болып сөз алған Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Жанар Бектаева қазіргі ақпараттық қоғамдағы мемлекеттік органдардың ашықтығы, қоғаммен байланыс орнату және ақпаратты сауатты жеткізу мәдениеті маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің коммуникациялық сауаттылығы мен кәсіби әдебін арттырудың өзектілігіне тоқталды.
Ал, медиасарапшы, журналист Алмат Садуақас бірнеше тақырыптар бойынша баяндама жасады. Атап айтқанда, мемлекеттік орган басшыларының кәсіби әдеп нормалары, ақпаратқа қол жеткізудің құқықтық негіздері, тосын сауалдарға жауап беру тәртібі және ақпараттық дағдарыс жағдайындағы іс-қимыл алгоритмдері кеңінен айтылды. Жиынға қатысушылар өздерінің толғандырған сауалдарын қойып, жауаптар алды.
Басқосудың екінші бөлігінде кәсіби мобилограф, фото және бейнеконтент жасау маманы Гүлшат Қырқынбай баспасөз хатшыларына бейне өнім дайындау бойынша дәріс оқыды. Сондай-ақ, тыңдаушылар сұрақ-жауап форматында пікір алмасып, сауатты контент әзірлеу, мемлекеттік органдардың қоғаммен тиімді коммуникация орнатуы, ақпараттық кеңістікте сауатты әрі жауапты ұстаным қалыптастыру мәселелерін талқылады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Алдыңғы пост

НҰРШУАҚ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ноябрь 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Окт    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: +7 775 799 90 99
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі