«Әділет» партиясының штаб мүшелері «ҚазТрансОйл» АҚ еңбек ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында мұнай тасымалдау саласының ел экономикасындағы маңызы, отандық өндірісті дамыту, инфрақұрылымды жетілдіру, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелері талқыланды.

Штаб мүшелері партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарына тоқталып, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың әл-ауқатын арттыруға және еңбек адамдарының мүдделерін қорғауға бағытталған бастамаларды таныстырды.
Спикерлер өз сөздерінде Шымкент қаласының экономикалық әлеуетін арттыруда халықтың нақты табысын өсіру, тұрақты әрі сапалы жұмыс орындарын ашу маңызды екенін атап өтті. Бұл бағытта шағын және орта бизнесті дамытуға, кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға басымдық берілуі қажеттігі айтылды.
Сонымен қатар өнеркәсіпті, агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін өңдеу саласын және орнықты энергетикалық инфрақұрылымды дамыту, еңбек өнімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Спикерлер сұранысқа ие мамандықтар бойынша кадр даярлау жұмыстары жұмыс берушілердің нақты қажеттіліктерімен ұштасуы тиіс екенін жеткізді.
Кәсіпорын қызметкерлері өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Кездесу еңбек ұжымымен тікелей байланыс орнатып, азаматтардың талап-тілектерін тыңдауға және өзекті мәселелерді назарға алуға мүмкіндік берді.
