«Әділет» партиясы Еңбекші аудандық филиалының «Еңбекші» бастауыш партия ұйымында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында белгіленген басым бағыттарды талқылауға арналған кездесу өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты – Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған стратегиялық міндеттер мен маңызды бастамалардың мән-маңызын түсіндіру, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелерді талқылау және оларды іске асырудағы азаматтық қоғамның рөлін айқындау.
Жиын барысында еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, халықтың әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік саланы жетілдіру, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту және қоғамдағы жауапкершілік пен ынтымақтастықты нығайту мәселелері кеңінен сөз болды.
Қатысушылар Жолдауда көтерілген бастамалардың ел болашағы үшін маңыздылығына тоқталып, белгіленген міндеттерді жүзеге асыруда әрбір азаматтың белсенді азаматтық ұстанымы, жауапкершілігі мен адал еңбегі айрықша рөл атқаратынын атап өтті. Сонымен қатар ел дамуына үлес қосу – ортақ міндет әрі барша азаматқа жүктелген жауапкершілік екені айтылды.
Кездесу соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, Жолдауда белгіленген басым бағыттарды жүзеге асыруға қатысты ой-пікірлерімен бөлісті.
«Әділет» партиясы Еңбекші аудандық филиалы алдағы уақытта да Мемлекет басшысының Жолдауындағы міндеттер мен бастамаларды халық арасында кеңінен түсіндіру, қоғамдық маңызы бар мәселелерді талқылау және тұрғындармен ашық диалог орнату бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырады.
