«Әділет» партиясы Еңбекші аудандық филиалының «Ақиқат» бастауыш партия ұйымында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған кездесу өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты – Жолдауда белгіленген басым бағыттарды түсіндіру, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты міндеттерді талқылау және олардың жүзеге асырылуындағы азаматтардың рөлін айқындау.
Кездесу барысында халықтың әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік саланы дамыту, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту, инфрақұрылымды жетілдіру және қоғамдағы жауапкершілікті нығайту мәселелеріне назар аударылды.
Қатысушылар Жолдауда көтерілген міндеттерді іске асыруда әрбір азаматтың белсенділігі, ортақ іске жауапкершілікпен қарауы мен адал еңбегінің маңыздылығын атап өтті.
«Әділет» партиясы Еңбекші аудандық филиалы алдағы уақытта да Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген басым бағыттарды талқылау, түсіндіру және азаматтармен ашық пікір алмасу жұмыстарын жалғастырады.
