«Әділет» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Білім және Зерттеу» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылауға арналған кездесу өтті.
Жиынға «Әділет» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалының төрағасы Орынбасар Лештаев, «Өркен» бастауыш партия ұйымының төрағасы Қайрат Анарбаев және партия мүшесі Жандарбек Садыков қатысты.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған басым бағыттар мен маңызды бастамалар жан-жақты талқыланды. Қатысушылар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін міндеттерге, инфрақұрылымды жаңғырту мен халықтың өмір сүру сапасын арттыру мәселелеріне назар аударды.
Атап айтқанда, Мемлекет басшысының 2027 жылды Жалпыұлттық ауқымды құрылыс жылы деп жариялау жөніндегі ұсынысы кеңінен сөз болды. Бұл бастаманың ел инфрақұрылымын дамытуға, құрылыс саласының әлеуетін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, сондай-ақ өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етуге бағытталғаны атап өтілді.
Сонымен қатар құрылыс саласындағы жоспарланған жұмыстарды тиімді ұйымдастыру, жаңа жобаларды іске асыру және олардың халықтың тұрмыс сапасына тигізетін әсері жөнінде пікірлер айтылды.
Кездесу соңында қатысушылар Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асыру жолдары бойынша өзара пікір алмасып, ұсыныстарын ортаға салды. Сондай-ақ ел дамуына қатысты маңызды бастамаларды талқылау және олардың жүзеге асырылу барысын түсіндіру бағытындағы жұмыстардың маңыздылығы атап өтілді.
