Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

«КӨКБҰЛАҚ» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНДА ЖОЛДАУДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ МІНДЕТТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ

17 ноября, 2026
in Uncategorized
0
«КӨКБҰЛАҚ» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНДА ЖОЛДАУДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ МІНДЕТТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Әділет» партиясы Абай аудандық филиалының ұйымдастыруымен Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын түсіндіру мақсатында құрылған үгіт-насихат тобы «Көкбұлақ» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесу өткізді.

Кездесуге «Әділет» партиясы Абай аудандық филиалының төрағасы Қамбарбеков Жандос Сатыбалдыұлы және штаб мүшелері Тугелов Адил Турдыбаевич пен Абдуалі Роллан Абдуаліұлы қатысты.

Жиын барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айқындалған негізгі басымдықтар мен алдағы кезеңге арналған стратегиялық міндеттер кеңінен түсіндірілді. Әсіресе, ел экономикасын жаңғырту, цифрлық технологияларды дамыту, құрылыс саласының тиімділігін арттыру, кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін жетілдіру және өндіріс орындарына заманауи технологияларды енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, қатысушылар Жолдауда көтерілген бастамалардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалын талқылап, оларды жүзеге асырудағы әрбір азаматтың жауапкершілігі мен белсенділігінің маңыздылығын атап өтті. Цифрландыру үдерісін жеделдету, жаңа технологиялық мүмкіндіктерді тиімді пайдалану және бәсекеге қабілетті мамандар даярлау ел болашағы үшін маңызды міндеттердің бірі екені айтылды.

Кездесу барысында партия мүшелері өз ой-пікірлерін ортаға салып, Жолдауда белгіленген басым бағыттарды іске асыруға қатысты пікір алмасты. Сондай-ақ ел дамуы жолында бірлік, ынтымақтастық және ортақ жауапкершіліктің маңызына тоқталды.

«Әділет» партиясы Абай аудандық филиалы алдағы уақытта да Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттерді тұрғындар арасында кеңінен түсіндіру, партия мүшелерімен кездесулер өткізу және қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша ашық пікір алмасу жұмыстарын жалғастырады.

Алдыңғы пост

«ЖАС ҚЫРАН» ҰЙЫМЫНДА ЖОЛДАУДАҒЫ БАСТАМАЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Келесі жаңалық

ЕЛ БОЛАШАҒЫ – ЖАҢА МАҚСАТТАР МЕН МАҢЫЗДЫ МІНДЕТТЕР

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ноябрь 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Окт    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: +7 775 799 90 99
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі