Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

19 ноября, 2026
in Басты жаңалықтар
0
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

«Әділет» партиясы Абай аудандық филиалы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын түсіндіру мақсатында «Достық» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесу өткізді.

Жиын барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында белгіленген негізгі басымдықтар мен алдағы кезеңге арналған стратегиялық міндеттер кеңінен түсіндірілді. Әсіресе, ел экономикасын жаңғырту, цифрлық технологияларды дамыту, құрылыс саласының тиімділігін арттыру, кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін жетілдіру және өндіріс орындарына заманауи технологияларды енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қатысушылар Жолдауда көтерілген бастамалардың қоғам өміріндегі маңызын талқылап, оларды жүзеге асыруда әрбір азаматтың, соның ішінде партия мүшелерінің де жауапкершілігі жоғары екенін атап өтті. Сонымен қатар, еңбек өнімділігін арттыру, кәсіби мамандар даярлау, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу және халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытындағы жұмыстардың маңыздылығы сөз болды.

Кездесу барысында елдің тұрақты дамуы мен қоғамдық келісімді нығайтуда бірлік пен ынтымақтастықтың, азаматтық белсенділік пен ортақ жауапкершіліктің рөлі ерекше екені айтылды. Жолдауда айқындалған міндеттерді орындау тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның бірлескен іс-қимылын талап ететіні жеткізілді.

Жиын соңында қатысушылар Президент Жолдауында белгіленген басым бағыттарды қолдау, партиялық бастамаларды жүзеге асыруға белсенді атсалысу және халықпен тұрақты байланыс орнату қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ ел игілігіне бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып, қоғамның дамуына өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін білдірді.

Алдыңғы пост

«Оңтүстік текстиль» БПҰ-ДА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Келесі жаңалық

ТАЗА АУМАҚ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ноябрь 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Окт    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: +7 775 799 90 99
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі