Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкентте «Цифрлық серпін – 2026» жастар фестивалі өтеді

15 ноября, 2026
in Қоғам
0
Шымкентте «Цифрлық серпін – 2026» жастар фестивалі өтеді
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

2026 жылғы 25 қарашада Шымкент қаласында жастар арасында цифрлық технологияларды дамытуға, инновациялық бастамаларды қолдауға және жасанды интеллект мүмкіндіктерін кеңінен насихаттауға бағытталған «Цифрлық серпін – 2026» фестивалі ұйымдастырылады.

Іс-шараны Шымкент қаласының Жастар саясаты басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» өткізеді.

Фестивальдің мақсаты – жастардың ақпараттық технологиялар саласындағы білімін жетілдіру, шығармашылық және зияткерлік әлеуетін арттыру, сондай-ақ инновациялық жобалар мен стартап бастамаларды қолдауға ықпал ету.

Фестиваль бағдарламасы бірнеше бағытты қамтиды. Атап айтқанда, қатысушыларға Robot Zone, AI Zone, Creative және Startup көрме алаңдарында заманауи технологиялық әзірлемелер мен инновациялық жобалар таныстырылады. Сонымен қатар «DIGITAL IQ» интеллектуалдық куизі өткізіліп, «AI TALKS» пікірталас алаңында жасанды интеллекттің даму үрдістері мен оны түрлі салаларда қолдану мүмкіндіктері талқыланады.

Сондай-ақ фестиваль аясында «DIGITAL PROJECT» стартап жобалар байқауы өтеді. Байқау қатысушылары Smart City, EdTech және AI Solutions бағыттары бойынша әзірлеген жобаларын таныстырып, сарапшылар алқасының алдында қорғайды. Нәтижесінде үздік жобалар анықталып, жеңімпаздар марапатталады.

Аталған фестиваль жастардың цифрлық құзыреттілігін дамытуға, тәжірибе алмасуына және технологиялық бастамаларын жүзеге асыруына мүмкіндік беретін маңызды алаң болмақ.

*Өтетін күні:* 2026 жылғы 25 қараша
*Басталу уақыты:* сағат 10:00
*Өтетін орны:* М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті
*Мекенжайы:* Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5.

Фестивальге қатысу және іс-шара ережелерімен танысу мәселелері бойынша 8 706 712 34 52 телефон нөміріне хабарласуға болады.

Ұйымдастырушылар цифрлық технологиялар мен инновациялық жобаларға қызығушылық танытқан жастарды фестивальге белсенді қатысуға шақырады.

Tags: Цифрлық серпін – 2026
Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАНДА «МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНИКАЦИЯ: МАСС-МЕДИАМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА БАСҚОСУ ӨТТІ

Келесі жаңалық

ӘДІЛЕТ» БПҰ-ДА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ноябрь 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Окт    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: +7 775 799 90 99
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі