Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ҮЗДІК МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

20 июня, 2022
in Uncategorized
0
ҮЗДІК МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
0
SHARES
149
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Маусым айының үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Осы даталы күнге орай қаламыздың опера және балет театрында мерекелік кеш өтті. Оған қала  мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов және Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қатысып, медицина саласының өкілдерін төл мерекелерімен құттықтады.
– Пандемияға байланысты екі жыл қатарынан бұл мереке атаусыз қалып қойды. Бүгін ақ халатты абзал жандардың еңбектерін атап өтіп, ерекше құрмет көрсетудің сәті түсіп тұр.
Конституциямызда бірінші құндылық адам және оның өмірі делінсе, сол құндылыққа адал қызмет ететін медицина мамандары. Ендеше оларға қалай құрмет көрсетсе де жарасады. Соңғы жылдарда қаланың денсаулық сақтау саласы қарыштап дамуда. Оны қол жеткізген соңғы жетістіктерге қарап бағалай аламыз. Мәселен, балалар ауруханасы соңғы үлгідегі нейрохиругиялық жабдықтармен жабдықталды. Күрделі ауруға шалдыққан 36 баланың еміне бюджеттен 1,5 млрд теңге бөлінді. Денсаулық күзетінде тұрған мамандардың төл мерекесі құтты болсын!, — деді Шыңғыс Жұмабекұлы.
Адам тәні мен жанын емдеуде барын салған дәрігерлер мен медбикелердің ерен еңбегін бағалап, алғысын білдірген қалалық мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов ақ халатты абзал жандарға депутаттар атынан да ізгі тілегін жеткізді.
– Шымкент қаласының даму жоспарына сәйкес, көптеген жоспарлар орындалып келеді. Мәселен, Симуляциялық және Оңалту орталықтарын салу көзделген еді. Ол жоспар жүзеге асты. Сондықтан медицина саласы әрдайым назарда тұру керек. Өйткені дені сау ұлт – мемлекеттің жарқын болашағының кепілі. Профилактиканы қолға алмай, медицина өкілдерінің біліктілігін арттырмай денсаулық сақтау саласында нәтижелі жетістікке қол жеткізу мүмкін емес. Сол үшін медицинаға көңіл бөлуде аянып қалмаймыз, — деді Бахадыр Мәдәліұлы.
Салтанатты жиында бір топ үздік медицина саласындағы еңбек озаттарына Шымкент қаласы әкімінің «Алғыс хаты», ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі және қалалық мәслихаттың «Құрмет грамотасы» табысталды.
Мерекелік жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
#AMANAT
#SHYMKENT
Алдыңғы пост

“Келесі ұрпақ жұмыссыз қалады”: Дана Нұржігіт әйелдердің зейнет жасын төмендету мәселесін көтерді

Келесі жаңалық

КҮН ТӘРТІБІНДЕ – БЕСІНШІ АУДАН

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сентябрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930  
« Июл    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі