Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

Түркістан өңіріне 1 миллион қонақ келген

22 мая, 2024
in Басты жаңалықтар
0
Түркістан өңіріне 1 миллион қонақ келген
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 19%-ға артқан. Былтыр Түркістан облысына келген туристер саны 560 мыңнан асқан. Түркістан облысының құрылғанына бес жылдан енді ғана асса да, туристер мекеніне айналып үлгерді. Былтыр облысқа келген туристер саны 560 мыңнан асқан. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 19%-ға артқан. Ал біркүндік келушілер саны 1 миллион адамға жуықтады. Орналастыру орындарында қызмет көрсетілгендер 272,9 мың адамды құрап 7,6%-ға артқан. 2022 жылы – 253,4 мың адам. Ал емдік сауықтыру орындарында қызмет көрсетілгендер 163,3 мың адамды құрап 14,6%-ға артқан. 2022 жылы – 142,4 мың адам. Сонымен қатар табиғи аумақтар демалғандар 126,6 мың адамды құрап 69%-ға артқан. 2022 жылы – 74,9 мың адам. Жалпы облыста туристерге ұсынылатын негізгі 3 бағыт айқындалған. Атап айтқанда тарихи-танымдық, экологиялық және емдік-сауықтыру туризмі. Тарихи-танымдық бағытта туристерді тартатын 1 780 тарихи-мәдени ескерткіштер бар. Оның ішінде халықаралық маңызы бар объект – 1, республикалық маңызы бар ескерткіш – 40, жергілікті маңызы бар ескерткіш – 403 және алдын ала тізімдегі нысандар – 1336. Экологиялық туризм бағыты бойынша облыс аумағында 4 ерекше қорғалатын табиғи объектілер орналасқан. Олардың қатарында «Ақсу-Жабағылы» және «Қаратау» қорықтары, «Сайрам-Өгем» ұлттық табиғи паркі, «Сырдария-Түркістан» өңірлік табиғи паркі бар. Экологиялық туризмді дамыту мақсатында 30 туристік маршрут құрылған. Ал емдік-сауықтыру туризмі бағытында 75 емдік-сауықтыру орны жұмыс істейді. Олардың нөмірлік қоры 12 622 төсек-орынды құрайды. Облысқа келетін туристерге қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Түркістан қаласы әуежайының ұшу географиясын кеңейту жұмыстары атқарылуда. Қазіргі уақытта әуежайда 3 халықаралық (Стамбул, Кувейт, Әбу-Даби) және 6 ішкі (Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Орал, Қостанай) әуебағыты бар. Әуежай аптасына 32 рейске қызмет көрсетіп отыр. Тікелей халықаралық әуе рейстерін ашу елімізге келетін туристердің санын арттыруымен қатар, өңірдің туристік әлеуетінің дамуына оң әсерін тигізеді. Осы орайда «Түркістан – Әбу-Даби» бағытында әуе рейсін ашу жұмыстары жүргізіліп, «Wizz Air» авиакомпаниясымен тұрақты рейстер іске қосылды. Қазіргі таңда рейстің толтырымдылығы 80-90% құрап отыр. Алдағы уақытта Түркістан – Самарқан, Түркістан – Қазан, Түркістан – Будапешт, Түркістан – Тбилиси халықаралық әуе рейстерінің жаңа бағыттарын ашу бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАСЫНДА «ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕК» ЗАЛЫ АШЫЛДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: Келестік азамат Қытай сапарынан кейін цех ашқан

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі