Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Келестік азамат Қытай сапарынан кейін цех ашқан

23 мая, 2024
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Келестік азамат Қытай сапарынан кейін цех ашқан
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Өндіріс орнында 14 адам жұмыс істейді. Келестік кәсіпкер Қытай сапарынан соң цех ашты.Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Келес ауданынан арнайы барды. Облыс басшысы бірқатар кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы нысандарын аралап, оларды дамыту жолдарын қарастырды. Абай ауылындағы «Домалақ ана» тігін цехында болған өңір басшысы цех жұмысымен танысты. Биыл наурыз айында іске қосылған өндіріс орнында 14 адам жұмыс істейді. Орташа жалақы 120 мың теңге көлемінде. Кәсіпкер өткен жылы облыс әкімінің тапсырмасымен Қытай Халық Республикасына аудан әкімімен барып, 16 тігін машинасы мен 1 дана көрпе тігетін станок сатып алған. Кәсіпкер өз қаржысы есебінен, сонымен қатар қосымша «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы аясында қаражат алып кәсібін дөңгелетіп отыр. Негізінен қыз жасауы, ұлттық нақыштағы көрпе-төсек, құрақ, ұлттық киімдер шығарады. Бизнесті дамытып, қосымша жұмыс орындарын ашу үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетілмек. Тігін цехына 50 тігін машинасын сатып алынатын болды. Сондай-ақ «Күміс жас» жобасымен тігіншілер жұмысқа алынады. Бұл жобаға 50 жастан асқан жұмыссыз адамдар зейнеткерлік жасқа толғанға дейін қатыса алады. Тиісінше, бұл мүмкіндіктер «Әділетті Қазақстанның» айқын белгілері десек болатын шығар. Кәсіпорын негізінен Түркістан облысының нарығына өткізеді. Жобаның жалпы құны 408 млн теңге.Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 12 мыңға жеткен. Келес ауданында жалпы өңірлік өнім көлемі 2021 жылдан бері 32 пайызға өскен. Келес ауданында жалпы өңірлік өнім көлемі 2021 жылдан бері 32 пайызға өсіп, 2023 жылы 118 млн. теңгеге жетті. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны соңғы 3 жылда 51 пайызға өсіп, 2023 жылы 12 мыңға жеткен. Олардың өндірген өнім көлемі 69 млрд.теңгені құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 20 млрд.теңгеге (49 млрд.тг.) немесе 40 пайызға өскен. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2023 жылы 4 млрд.теңгеге жетіп, жоспар артығымен орындалған.
1686

Алдыңғы пост

Түркістан өңіріне 1 миллион қонақ келген

Келесі жаңалық

КЕЛЕС: АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІН ТҮБЕГЕЙЛІ ШЕШУ ЖОЛЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі