Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: «Келіндер көтерілісі» жылдың ең үздік қойылымы атанды

22 мая, 2024
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: «Келіндер көтерілісі» жылдың ең үздік қойылымы атанды
0
SHARES
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жалпы дауыс беру бір айға жалғасқан. Түркістанда сахналанған «Келіндер көтерілісі» жылдың ең үздік аймақтық қойылымы атанды. Түркістан музыкалық драма театрының «Келіндер көтерілісі» қойылымы өңірлік театрлар арасында үздіктер қатарынан табылып, «Жылдың ең үздік аймақтық қойылымы» номинациясына ие болды. Жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімінде арнайы сый табысталды. Қазақстанның мәдениет, өнер және спорт саласындағы «Kazakhstan Ticketon Awards 2024» жетінші және ең әйгілі сыйлығы – Ticketon Awards-қа дауыс беру арқылы анықталып отыр. Жалпы дауыс беру бір айға жалғасқан. Оған кез келген қазақстандық қатысқан. Түрлі номинация бойынша барлығы 154 620 дауыс берілген.

Ең қызығы, соңғы күні 5890 дауыс беру тіркелген. Осылайша спорт пен өнер саласындағы ең сүйікті, талантты және елеулі өкілдерін таңдады. «Келіндер көтерілісі» спектаклі көрнекті өзбек жазушы-драматургі Саид Ахмадтың ең танымал және табысты шығармаларының бірі болып саналады. Пьеса отыз жыл бұрын жазылғанымен, әлі күнге дейін өзектілігі мен мағынасын жоғалтқан емес. Былтыр ғана Түркістанда жаңа форматта тұсауы кесілген қойылымды көрермен асыға күтеді. Айта кетейік, аталған театр ұжымы үшінші рет үздіктер қатарында. 2022 жылы «Бөрте» спектаклі «Жыл премьрасы» номиницасын алса, былтыр «Махаббат мұнарасы» «Жылдың ең үздік аймақтық қойылымы» номинациясын иеленген болатын.Қазақ тіліне пьесаны аударған – Асқар Сүлейменов. Әлемнің 14 елінің сахнасында қойылып, тіпті кино өндірісінде елеулі туындыға айналған шығарма 40 жыл өтсе де маңыздылығын жойған жоқ. Бұл шығарма тұңғыш рет Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының сахнасында 1978 жылы көрсетілді. Қазір қазақстандық театрлардың басым бөлігінің сахнасында Саид Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» спектаклі қойылды десек қателеспейміз.

Қырық жылдан астам тарихы бар өзбек драматургінің «Келіндер көтерілісі» комедиясы Түркістан музыкалық драма театры сахнасында заманауи келбетке ие болды. Инсценировка авторы және режиссері – Дәурен Серғазин, көрші отырған екі мемлекеттің ортақ құндылықтарын тиімді пайдаланып, жаңаша сипатта музыкалық комедия жасап шығарды. Комедияда ене мен келін арасындағы қарым-қатынас қана емес, жалпы қоғамда болып жатқан мәселелер де көрсетіледі. Адам баласының еркіндігі, таңдау құқығы, психологияның жедел даму әсері сияқты күнделікті өмірде кездесетін мәселелер негізге алынған. Астарлы әзілге толы комедия көрермен қауымды күлкіге қарық қыла отырып, терең ойға батырады.

Алдыңғы пост

“ЖАСТАР ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚОРҒАУДА АҚПАРАТТЫҚ ЖҰМЫСТЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖЕТ”

Келесі жаңалық

«WorldSkills Turkistan-2024» облыстық чемпионаты аяқталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі