Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

«WorldSkills Turkistan-2024» облыстық чемпионаты аяқталды

22 мая, 2024
in Басты жаңалықтар
0
«WorldSkills Turkistan-2024» облыстық чемпионаты аяқталды
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Республикалық кезеңге 35 құзыреттілік бойынша 45 студент жолдама алды. «WorldSkills Turkistan-2024» облыстық чемпионаты өз мәресіне жетті. Түркістанда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білімгерлері арасындағы кәсіби шеберлік байқауының жеңімпаздары анықталып, марапатталды. Нәтижесінде республикалық кезеңге 35 құзыреттілік бойынша 45 студент жолдама алды. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев қатысып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтады. Еліміздің жас мамандарына алған кәсіби дағдылары мен құзыреттіліктерін көрсетуге мүмкіндік беретін «WorldSkills» қозғалысы тоғызыншы жыл өткізіліп келеді. Биыл облыстық кезең 35 құзыреттілік бойынша өтті. Атап айтар болсақ, «Абилимпикс графикалық дизайн», «Абилимпикс сән технологиясы», «Агрономия», «Аспаз ісі», «CAD инженерлік графикасы», «Бастауыш білім беру», «Бизнеске арналған IТ шешімдері», «Веб технологиялар», «Дәнекерлеу технологиялары» сынды кәсіптік құзыреттіліктер бар.

WorldSkills миссиясы – кәсіптік бағдар беру, кадрларды даярлау, сарапшылар қоғамдастығын құру және еңбек өнімділігін арттыру. Халықаралық стандарттарға негізделген техникалық мамандықтар бойынша жоғары технологиялық өндірістерді кадрлармен қамтамасыз ету механизмдерін қалыптастыру. Жыл сайын республикалық чемпионатта Түркістандық жасөспірімдер құр алақан оралған емес. Өткен жылдардың нәтижесінде жалпы облыс қоржынында 34 алтын, 19 күміс, 26 қола, 37 айрықша медальон бар.WorldSkills — әлемнің 82 мемлекетіне таралған халықаралық қозғалыс. Өңіріміз аталған чемпионатқа 2015 жылдан бастап қатысып келеді. Облыстық чемпионат техникалық, құрылыс, ауыл шаруашылығы, туризм, қызмет көрсету, көлік, білім беру, денсаулық сақтау, тамақтандыруды ұйымдастыру секілді 33 сала бойынша өткізіледі.

Ал, Түркістан жоғары көпсалалы аграрлық колледжінде Агрономия мамандығының Өсімдік шаруашылығы құзыреттілігі бойынша кәсіптік техникалық колледждері арасында білім алушыларға халықаралық деңгейде “Worldkills Turkistan-2024 облыстық чемпионаттың ашылу салтанатты іс-шарасы өтілді.Айта кетейік, былтыр облыстық чемпионаттың жеңімпаздары республикалық байқауға жолдама алып, 20 өңірдің ішінен 7 -ші орынды иеленіп, 2 алтын, 3 күміс, 5 қола медаль және 7 айрықша медальонға ие болды.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН: «Келіндер көтерілісі» жылдың ең үздік қойылымы атанды

Келесі жаңалық

Түркістанда Қобыланды батыр ескерткіші ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі