Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

Түркістанда Қобыланды батыр ескерткіші ашылды

22 мая, 2024
in Басты жаңалықтар
0
Түркістанда Қобыланды батыр ескерткіші ашылды
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістанда қазақ тарихының шоқтығы биік батырларының мерейтойына арналған республикалық конференция өтті. Сондай-ақ Қобыланды батырға арнайы ескерткіш орнатылды. Биыл қазақтың қос батырының мерейтойы. Атап айтқанда, Қобыланды батырдың 600 жылдық, Сағадат Нұрмағанбетовтың 100 жылдық мерейтойы. Фараб кітапханасында бастау алған игі іс Еңбекші Диқан ауылында Қобыланды батырға арналған ескерткіштің ашылуына ұласты. Монументтің биіктігі -15 метр. Қонақтар шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген. Қолайсыз ауа-райына қарамастан жиналған жұртшылық батыр рухына тағзым етті.
Қобыланды Тоқтарбайұлы – XV ғасырда өмір сүрген аты аңызға айналған халық батыры. Түркістанда ғылыми конференция өтіп, Қобыланды батыр ескерткіші ашылды,. Түркістанда «Қазақ хандығы тұсындағы идеология: Жауынгерлік рухты дәріптеудегі Қобыланды батыр жырының маңызы» тақырыбында республикалық ғылыми практикалық конференция өтті. Жиын барысында конференция қонақтары түрлі тақырыпта баяндама жасап, батырдың ерлігі жайлы сөз қозғады. Профессорлар Шәкір Ыбыраев пен Тынысбек Қоңыратбаев және Досай Кенжетай, доцент Бақыт Әбжат тың деректермен бөлісті. Шара әрі қарай Сауран ауданында жалғасты. Еңбекші Диқан ауылында қазақтың хас батыры Қобыланды батыр ескерткішінің ашылу салтанаты өтті.

Қобыланды Тоқтарбайұлы – XV ғасырда өмір сүрген аты аңызға айналған халық батыры. Халық жадында сақталған әңгімелерде, халық шежірелерінде оны көбіне «Қара Қыпшақ Қобыланды» деп атайды. Бұрынғы заманда неше алуан хандық құрған түркі жұртының біразына халық ауыз әдебиеті өнері ортақ. Соның ішінде Қобыланды батыр – қазақ халқының мазмұны бай да салалы эпостық дастандарының бірі. Онда Қобыландының батырлығы, күштілігі, адалдығы, намысқойлығы ерекше сипатталған. Қобыланды батыр жырының 29 нұсқасы бар. Айтушылардың осыншама көп болуы жыр сюжетінің халыққа кең тарағандығын көрсетеді. Айта кетейік, бүгінде облыс бойынша монументті өнер туындыларының саны – 842. Оның ішінде ескерткіш – 89, бюст – 339, стелла – 414. Соңғы 3 жылда облыстың аудан қалаларында 31 ескерткіш орнатылған. Барлығы заң шеңберінде жүзеге асып, ұлылар тұлғасын ұлықтауда жемісті жұмыстар атқарылуда.

Алдыңғы пост

«WorldSkills Turkistan-2024» облыстық чемпионаты аяқталды

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: Ордабасыда 1300 гектарға су үнемдеу технологиясы ендіріледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сентябрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930  
« Июл    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі