Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Ордабасыда 1300 гектарға су үнемдеу технологиясы ендіріледі

22 мая, 2024
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Ордабасыда 1300 гектарға су үнемдеу технологиясы ендіріледі
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жобаның құны 250 млн тг. құрап, 10 адам жұмыспен қамтылған. Ордабасы ауданында 1300 гектарға су үнемдеу технологиясы ендірілмек. Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев Қажымұқан ауылдық округінде болып, “Жан-2004” ЖШС-ның жұмысымен танысты. Аталған серіктестік Мемлекет басшысының тапсырмасына орай 450 Га алқапқа жаңбырлатып суғару әдісін енгізе отырып, мал азығын дайындауда. Атап айтар болсақ, 100 Га жоңышқа, 350 Га бидай еккен. Жобаның құны 250 млн тг. құрап, 10 адам жұмыспен қамтылған. Шаруа қожалық су үнемдеу арқылы гектарынан 720 центнерден өнім алуды жоспарлап отыр. Одан бөлек серіктестік маусым айында қосымша 70 Га жерге жаңбырлатып суғару технологиясын ендірмек. Жоба құны 45 млн.тг.құрап, су үнемдеу құрылғыларын “BNK Irrigation” ЖШС-і алдырған. Аудан басшысы аталған шаруа қожалықтың жұмысына оң бағасын беріп, су үнемдеу арқылы да мол өнім алуға болатындығын айтты. «Мемлекет басшысы өткен жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында су ресурсына, оны үнемдеу қажет екеніне ерекше тоқталған. 2030 жылдарға қарай еліміздегі су тапшылығы 12-15 миллиард текше метрге жетуі мүмкін екенін айтқан. «Судың да сұрауы бар» демекші, бірте-бірте оны үнемдеп пайдалануға көшуіміз керек. Мәселені түсініп ауданымыздың шаруалары су үнемдеу шараларын қолға ала бастаүаны қуантады», — деді аудан әкімі. Бүгінгі таңда ауданда 31 шаруа қожалық 474 Га жерге тамшылатып суғару жүйесін енгізген. Осы жылға 1300 Га-ға жоспарланса, оның ішінде 300 Га жаңбырлатып, 1000 Га тамшылатып суғару жүйесін енгізу жоспары тұр.

Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен аудан, қалаларда су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстары күшейтілді. Ордабасы ауданында да жобалар жүзеге асырылуда. Бұл мәселе аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен өткен жиында кезекті рет талқыланды. Аудан әкімі су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстары жалғасатынын жеткізді.

2023 жылдың қорытындысымен ауданда су үнемдеу технологиясы енгізгілген жер көлемі 4272 гектарға жетті. Яғни, жаңбырлатып суғару – 1093 гектарды, тамшылатып суғару 3199 гектарды құрады. Биыл 1300 гектарға су үнемдеу технологияларын енгізу жоспарланып отыр.

Жиында су үнемдеу құралдарын шығарумен айналысатын “OMAD START” кәсіпорнының өкілі агроқұрылым басшылары мен шаруаларға құжаттандыру, суару жүйелерін енгізу, қосымша сүйемелдеу жұмыстары туралы толық ақпарат берді. Аталған кәсіпорын айына 15 мың гектарға тамшылатып, 20 мың гектарға жаңбырлатып суғару жүйелерін шығаруға қауқарлы.

Бүгінгі таңда облыста жібек жіп өндірісі қарқын ала бастады. Қазірдің өзінде Мақтарал, Жетісай, Шардара, Сарыағаш аудандарында тұт талын егіп, жібек жіп өндірісін қолға алған шаруалар саны артып отыр. Бұл кәсіпті “Ауыл аманаты” бағдарламасы арқылы да жүзеге асыруға болады. Аталған шаруашылықты қолға алуға ниет білдірген ордабасылық шаруаларға мамандар тарапынан толық ақпарат берілді.

Алдыңғы пост

Түркістанда Қобыланды батыр ескерткіші ашылды

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: Қазығұртта футбол алаңы ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі