Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

САУРАН: АУДАН ӘКІМІ ИМАМДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

23 мая, 2024
in Басты жаңалықтар
0
САУРАН: АУДАН ӘКІМІ ИМАМДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров аудан аумағындағы Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасына қарасты имамдармен кездесіп, пікір алмасты. Ауданның бас имамы Бауыржан Ақауов бүгінгі таңда аудан бойынша діни ахуал жайлы кеңінен баяндап өтті. Ауданында Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасына қарасты — 37 мешіт, 16-намазхана жұмыс істейді. 37 мешітте 56 діни қызметкер жұмыс жасайды. Кездесуде ауданның бас имамы ауданға қарасты барлық мешіттер мен намазханалардың құжаттарын заңдастырылып жатқанын, мешіттерге бейне бақылау камераларын қою бағытында атқарылып жатқан жұмыстарын атап өтті.
Аудан көлемінде дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша аудандық ақпараттық-түсіндірме жұмыс тобы жұмыс жасайды. Жергілікті ақпараттық-түсіндірме тобының мүшелері мен облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің дінтанушы, теолог мамандары жат діни ағымдардың қауіптілігі, тиым салынған діни экстремистік ұйымдар жөнінде мектептерде, арнаулы оқу орындарында, мекемелерде, елді мекен тұрғындары арасында жыл басынан бері 35 кездесу ұйымдастырылып, оған 1200-ден астам адам қамтылған.
«Ел бірлігі — бәріміздің де басты мұратымыз. Ең бастысы, көп ұлтты Қазақстандағы ұлтаралық, дінаралық келісім мен татулық — халқымыздың әл-ауқатының жақсаруының, ел экономикасының өркендеуінің басты кепілі. Қай заманда болмасын сан қилы кезеңдерді бастан өткерген еліміз қиындықтарды бірлесіп жеңіп отырған. Бірін бірі сабыр сақтауға шақырып, «Бірлік бар жерде – тірлік бар» деп ынтымақ бірлігін бекіте түскен. Демек тындырымды тірліктің, дамудың да, бейбітшіліктің де бастауы бірлік екені сөзсіз», — деді аудан әкімі.
Аудан әкімі имамдарға мешітке келетін жамағатқа, түрлі деңгейдегі астарда елді бірлікке, ынтымаққа шақыруда жүйелі жұмыс жүргізу керектігін атап өтті. Осы орайда, дін өкілдерінің қоғам алдындағы міндеттері, жамағатты жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтарып, қоғамдық істерде белсенділік таныту керектігі айтылды. Кездесу соңында аудан әкімі Мақсат Таңғатаров дін өкілдері тарапынан айтылған барлық ұсыныстарына қолдау көрсететінін жеткізді.

Алдыңғы пост

КЕЛЕС: АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІН ТҮБЕГЕЙЛІ ШЕШУ ЖОЛЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Келесі жаңалық

ҚАҢЛЫ ДӘУІРІНЕ ТИЕСІЛІ ХАНЬ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ АЙНАСЫ ТАБЫЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі