Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ҚАҢЛЫ ДӘУІРІНЕ ТИЕСІЛІ ХАНЬ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ АЙНАСЫ ТАБЫЛДЫ

23 мая, 2024
in Басты жаңалықтар
0
ҚАҢЛЫ ДӘУІРІНЕ ТИЕСІЛІ  ХАНЬ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ АЙНАСЫ ТАБЫЛДЫ
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-нің археология орталығы Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Қарааспан ауылдық округінің Төлебайтөбе қорымындағы 3 обаға қазба жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде зерттеушілер Қаңлы дәуіріне тиесілі Хань әулетінің айнасын тапты. Әйел адамның қабірінен табылған қола айна жоғары дәрежеде бағалнып, оны ауқатты, бай-қуатты адамдар ғана қолдана алған. Тарихи жәдігерге қарап қайтыс болған адамның жоғары дәрежелі қызметте болғанын білуге болады. Айнаның пішіні дөңгелек, ортасында жіп өткізуге арналған тесігі бар, ал беткі жағы 8 аркалы келген. Бұған дейін ұқсас айналар Кушан империясының орталығы Ауғанстан аумағындағы Тилля тепе қалашығынан және оңтүстік Оралдағы сармат патшаларының жерлеу орындарынан кездескен. Сондай-ақ, көшпелі сюнну (хунну) азиялық империя шаньюларының қабірлерінен де табылады.
Үш бірдей обаға зерттеу жүргізген ғалымдар 1,2 обалар көне заманда тоналғанын айтады. Ал, үшінші обадан біздің заманымызға өте құнды жәдігерлер қалған. Атап айтқанда, құмыра, Хань кезеңіне тиесілі қола айна, Рим кезеңінде қолданыста болып, түйреуіш рөлін атқарған фибула, сырға, сонымен қоса майда бисер мен қолға тағуға арналған ірі моншақтар табылды. Аяқ киім мен белдіктің тоғасы, құс аулау үшін арнайы жасалынған жебе ұшы да бар. Алтынмен қапталып, көгілдір ақық және асылтас рубинмен әшекейленген полихром стилінде жасалған сырғаның пішіні ай тәрізді. Б.з. д. 1 ғ.-б. з. 1 ғ. сармат-қаңлы әлеміне тиесілі әшекейдің астыңғы жиегі жүзімнің дәні сияқты жасалған, сегіз қыры күн шуағы іспеттес.
Табылған жәдігерлерге қарап Қаңлы мемлекеті мықты және қуатты империялармен байланыста болғандығын білуге болады. Ұлы Жібек жолының орталығында орналасқан Батыс пен Шығысты жалғастырған сауда-саттықты дамытып, үлкен қалаларды гүлдендірген Қаңлы мемлекетімен кейінгі Рим, Византия, Кушан, аспан асты елі Қытай тең дәрежеде дипломатиялық қарым-қатынаста болған. Қаңлы мемлекетінің құрамына азиялық сармат, сюнну(хунну), қаңлы мен кейінгі сақтар кірген. Ал жерлеу орнының уақыты б. з. д. II ғ. мен б. з. IV ғ. қамтиды. Археологиялық экспедиция жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Александр Подушкин аталмыш жауһарлар тарихи құндылығына қарай Ұлттық музейге тапсырылатынын айтады. Зерттеу жұмысына Ордабасы ұлттық тарихи — мәдени қорығының ғылыми қызметкерлері де қатысты.

Алдыңғы пост

САУРАН: АУДАН ӘКІМІ ИМАМДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Келесі жаңалық

Түркістан: "Отбасы- бақыт мекені" тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі