Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

Түркістан: «Отбасы- бақыт мекені» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды

23 мая, 2024
in Басты жаңалықтар
0
Түркістан: «Отбасы- бақыт мекені» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қ.Ясауи кәсіби колледжінде 15 мамыр Халықаралық отбасы күніне орай , жастар арасында отбасы құндылықтарын арттыру, отбасы мүшелерінің арасында қарым-қатынасты нығайту, отбасы ұғымын құрметтеп қастерлеуді насихаттау мақсатында «Отбасы- бақыт мекені» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды. Семинар-тренингке мекеме психологы А.Нарымбетова, Түркістан қалалық емхана психологы М.Анапия қатысты.Мақсаты: Ата – аналар арасында жағымды қарым – қатынас орнату. Отбасы — тәрбиенің бастауы, бала өміріндегі маңызды – өнеге баспалдағы екендігін ескере отырып, отбасымыздағы өнегелі тәлім-тәрбие арқылы бала бойында адамгершілік, сыйластық, ата-анаға, қоршаған ортаға, қоғамға деген сүйіспеншіліктерін, халқымыздың салт-дәстүр, әдет-ғұрып үлгілері, тәрбие тәсіл, тәжірибелелері арқылы сіңіру, тәрбиелеу.
Отбасы — болашақ жеке тұлғаның негізі қаланатын қоғамның бастауыш құрылым бірлігі, оның табиғи даму ортасы. Отбасы тәрбиесі адамдар арасындағы қарым-қатынас пен қарым-қатынас арқылы адамгершілік, рухани және гуманитарлық құндылықтарға басымдық беруде әлеуметтік-тарихи тәжірибені таратудың құрамдас бөлігі болып есептеледі. Отбасылық өмір даналыққа және өркендеуге апаратын бастау керек.Неке – отбасы қатынастарына дайындық дегеніміз – күрделі, ұзақ көп қырлы процесс. Қай елде болмасын мемлекет негізін берік отбасылар құрайды. Өйткені, отбасындағы береке мен бірлік елдің дамуы мен нығаюына да тікелей әсер етеді. «Отан – отбасынан басталады» деген сөздің түп төркінін де осы жерден іздеуімізге толық негіз бар.
Қазіргі кезде отбасын құру және өмірлік жарды таңдау қиынға соғады. Өйткені қазіргі жастарда, отбасы, неке туралы түсінік азын-аулақ. Сондықтан да, қазіргі таңда, осының салдарынан ажырасу көбейіп келеді. Сонымен қатар, Батыстың азаматтық некесі де осыған әсер етеді. Осы себептен жастарды отбасы өміріне дайындаудың психологиялық маңызы өте зор.
Бағдарлама студенттер мен жоғары сынып оқушыларын отбасылы-некелі өмірге даярлаудың жоғарыда аталған психологиялық-педагогикалық негіздерін қалайды деген сеніммен құрастырылды. Студент жастар мен жоғары сынып оқушыларын отбасылық сауаттылық пен жауапкершіліктерін қалыптастыруға арналған. Студенттерге, жастарға арманы мен алдына қойылған мақсаттары мен міндеттерін шешуге, кездескен қиындықтардан жол таба алуға, болашаққа бағдарлануына өз көмегін тигізе алады.

Алдыңғы пост

ҚАҢЛЫ ДӘУІРІНЕ ТИЕСІЛІ ХАНЬ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ АЙНАСЫ ТАБЫЛДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДА САТТАР ЕРУБАЕВТЫҢ ТУҒАНЫНА 110 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ ТАНЫМДЫҚ КЕШ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі