Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА САТТАР ЕРУБАЕВТЫҢ ТУҒАНЫНА 110 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ ТАНЫМДЫҚ КЕШ ӨТТІ

23 мая, 2024
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДА САТТАР ЕРУБАЕВТЫҢ ТУҒАНЫНА 110 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ ТАНЫМДЫҚ КЕШ ӨТТІ
0
SHARES
17
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістанда жазушы Саттар Ерубаевтың туғанына 110 жыл толуына орай «Ұлы даланың жас Алашы» атты ұлттық-танымдық кеш өтті. Жиын облыстық тарихи-өлкетану музейінің және Саттар Ерубаев музей-филиалы мен қалалық Мәдениет үйінің бірлесуімен ұйымдастырылған. Танымдық кешке зиялы қауым өкілдері мен мұражай қызметкерлері қатысты. Шарада небәрі 23 жыл ғана ғұмыр кешіп, өшпес мұра қалдырған талант иесі көпшілікке кеңінен таныстырылды.
Сонымен қатар, басқосуда қаладағы Саттар Ерубаев атындағы №7 мектеп-интернатының оқушылары қаламгер шығармаларынан үзінді оқыды. Ал қалалық Мәдениет үйінің «Шұғыла» халықтық мәдени-үгіт ұжымы көрерменге «Шындық пен шығарма» танымдық қойылымын сахналады. Одан бөлек, көңіл тебірентер күйлер шертіліп, әндер шырқалды.
Айта кетсек, Саттар Ерубаев — Қазақстан жастарының «Ленин комсомолы» сыйлығын алғаш иеленген ұлағатты тұлға. Оның атына 1989 жылы Түркістанда мемориалдық музей ашылып, 1995 жылы Саттар Ерубаевтың әдеби-мәдени музейі болып қайта құрылған.
1935 жылы Ерубаев Қазақстан журналистері 1-съезінің ұйымдастырушыларының бірі болды. Сонымен қоса аудармашылықпен де шұғылданды. Ол К.Чуковскийдің, Ю.Березиннің, А.Суриковтың, И.Эренбургтің кейбір шығармаларын қазақ тіліне аударған.

Саттар Асқарұлы «Үш шахтер туралы баллада», «Меруерт алқа» балладалардың, «Бақыт», «Өмір көркемдігі» новеллаларының авторы. «Менің құрдастарым» романында Қазақстанның көмір орталығы Қарағандыны кұрушы жастардың тұрмысы мен еңбегін суреттейді.

Талантты жазушы және журналистке 1966 жылы Қазақстан Ленин комсомолы атындағы сыйлық берілді.
1989 жылы Түркістанда мемориалдық музей ашылып, 1995 жылы Саттар Ерубаевтың әдеби-мәдени музейі болып қайта құрылды.

Алдыңғы пост

Түркістан: "Отбасы- бақыт мекені" тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды

Келесі жаңалық

КЕНТАУ: БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ АЯСЫНДА БАСПАСӨЗ БРИФИНГІ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі