Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

23 мая, 2024
in Басты жаңалықтар
0
МАҚТААРАЛДА МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

21 мамыр – мәдениет және өнер қызметкерлері күні кәсіби мерекесіне орай «Мақтаарал» мәдениет үйінде салтанатты кеш өтті.
Кешке аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова қатысып, ауданымыздың барша мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен аудан жұртшылығының атынан құттықтады.
«Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, өнерімен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлесімен танылып, бағаланады. Сондықтан отандық мәдениет пен өнердің дамуына, рухани байлығымыздың еселене түсуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген барша ауданымыздың мәдениет және өнер қызметкерлеріне зор алғыс айтамын. Мәдениетіміздің қазынасына қосқан шығармашылықтарыңызға шалқар шабыт, отбасыларыңызға амандық тілеймін!» — деді, Алтын Күнтуқызы.
Мерекелік кеш барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Оңғаров, әжелер алқасының төрайымы Ш.Құрбанбаева және «Мақтаарал» газетінің бас редакторы С.Қалдыбаевтар да мәдениет майталмандарына деген өз құттықтауларын жеткізді. Ауданның мәдени өміріне дем беріп, жарқын істердің ұйытқысы болып, халыққа рухани нәр берудегі, ұлттық өнерді насихаттаудағы талмай еткен еңбектеріне жеміс тіледі.
Айта кетейік, Мақтаарал ауданында 10 мәдениет үйінде 123 қызметкер, 17 кітапханада 59 қызметкер еңбек етеді. Жыл сайын мәдениет үйі мен кітапхана ғимараттары салынып, ел игілігіне берілуде.
2023 жылы Еңбекші ауылдық округі Т.Жайлыбаев елдімекенінде және Жамбыл ауылдық округі Абай елдімекенінде мәдениет үйі мен кітапхана ғимараттарының құрылыстары салынып, пайдалануға берілді. Сол сияқты биыл Бірлік ауылдық округі Алғабас ауылының мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек, Нұрлыбаев ауылдық округі Ынталы елдімекенінде және Достық ауылдық округі Ж.Қалшораев елдімекенінде мәдениет үйлерінің құрылысын бастау жоспарланып отыр.
Елімізде 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні болып бекітіліп, кәсіби мереке ретінде 2013 жылдан бері атап өтіліп келеді.21 мамыр – еліміздегі осы салада қызмет істеп жүрген барша адамдарға құрмет көрсетіп, елеулі еңбектерін лайықты бағалайтын күн. Жалпы еліміздегі мәдениет ұйымдарының құрамына қандай мекемелер мен ұжымдар, бірлестіктер кіреді? Бұл сұраққа жауапты «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 207 Заңынан табамыз: «Мәдениет ұйымдарына мыналар жатады: театрлар; концерттік ұйымдар (филармониялар); цирктер; кинематографиялық ұйымдар; кітапханалар; музейлер; мәдени-демалыс ұйымдары; көркемөнер галереялары (салондар); студиялар; шеберханалар; мәдени-тарихи орталықтар; мәдениет саласындағы зерттеу орталықтары (зерттеу институттары); реставрациялау орталықтары; музей-қорықтар; Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы; мәдениет саласындағы қызметті жүзеге асыратын басқа да мәдениет ұйымдары.» Осы тізімге көз жіберген адам мемлекетіміздегі мәдениет саласының қаншалықты ауқымды екенін анық сезінері сөзсіз.Ел ауқымында жыл бойы, аптаның жеті күнінде түрлі аудиторияларда, кітапханалар мен музейлерде, мәдениет сарайларында, алып стадиондар мен қала алаңдарында үздіксіз өтіп жататын сан түрлі мазмұндағы, ірілі-ұсақты, алуан сипат-көріністі мәдени іс-шараларды, концерттер мен қойылымдарды, көрмелер шығармашылық кештерді, кездесулерді, отандық, шетелдік қонақтардың қатысуымен жүрілетін ауқымды мегафестивальдар мен галаконцерттерді, т.б. белгіленген уақытында, асқан жауапкершілікпен, көпшіліктің көңілінен шығатындай тап-тұйнақтай атқарып шығу – мәдениет саласы қызметкерлерінің әдепкі жұмысы, сан-салалы қызметінің бір сәті ғана. Мұның бәрі айтуға ғана оңай. Оның артында басшылықтың ұйымдастырушылық қызметінен, қызметкердің орындаушылық жауапкершілігіне дейінгі қаншама күш-жігер, төгілер тер жатыр. Шетелдік ресми мәртебелі қонақтар мен шекара аттаған туристердің ең алдымен көз тоқтатып, мән беретіні – елдің визит картасы іспетті мәдениеті мен өнері. Әсем қала, ғажап табиғат, елдің тұрмыс-тіршілігінен өзге, дара мәдениеті, өзіндік өрісті өнері, музей жәдігерліктері туралы қызықтаушы адамдарға қанағаттанарлықтай толық мәлімет беріп, жағымды түсінік қалыптастыру – мәдениет қызметкерлерінің отан алдындағы жауапты міндеті. ҚР Мәдениет туралы Заңының бірінші бабы, 5-тармағында мәдениет қызметкеріне мынадай анықтама берілген: «Мәдениет қызметкері – кәсіби қызметі мәдени құндылықтарды сақтаумен, дамытумен, таратумен, пайдаланумен және оларға азаматтарды баулумен байланысты болатын жеке адам». Осы анықтаманың өзі-ақ мәдениет қызметкерінің сан-салалы жұмыс ауқымын анықтап тұр.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН: Өңірдегі ономастикалық ахуал талқыланды

Келесі жаңалық

Түркістан облысында 43 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі