Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

Түркістан облысында 43 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр

23 мая, 2024
in Басты жаңалықтар
0
Түркістан облысында 43 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

71 білім беру ұйымының жылыту жүйесі газға ауыстырылады. Түркістан облысы білім басқармасының алқа мәжілісінде өзекті мәселелер талқыланды . «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының бір бағыты – жас жеткіншектерді сапалы білім мекемелерімен қамту десек, қателеспейміз. Осы ретте былтыр Түркістан өңірінде 20 мектеп пайдалануға берілді. Ал, биыл облыста 43 мектептің құрылысы жүргізілуде, оның 29-ы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы арқылы болса, қор есебінен 14 білім ордасы бой көтереді. Сондай-ақ, биыл 100-ден астам оқу орнының ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 71 білім беру ұйымының жылыту жүйесі газға ауыстырылады. Түркістан облысында 45 мыңнан астам бала әлеуметтік жағдайына байланысты бюджет есебінен жазғы сауықтыру лагерлерінде тегін демалады. Ата-аналар есебінен ақылы негізде 20 мыңнан аса бала демалады. Мектеп жанында 5 күннен шатырлы және киіз үйлердің жұмысы Оқу-ағарту министрлігінің берген нұсқаулықтарының негізінде ұйымдастырлып, оған 10 000 оқушы қамтылады. Бұдан бөлек, «Қазақстан Халқына» Қоры есебінен өңірдегі 2 лагерде 3421 бала демалады деп күтілуде. Алқа мәжілісі соңында жазғы шомылу кезеңдерінде ауылдарда ата-аналарымен бірге балалар қауіпсіздігіне барынша мән беру тапсырылды. Салаға жауаптылар полиция, төтенше жағдай қызметкерлері, еріктілермен бірге оқыс оқиғалардың алдын-алу, суға жүзуді үйрету шараларымен айналысатын болады. Келесте 300 орынды жайлы мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Өңір басшысы білім нысанын салу барысында сапаға баса назар аударуды атап өтті. Келес ауданында 300 орынды жайлы мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасасына сәйкес, Келес ауданына арнайы барды. Іссапар барысында Біртілек ауылдық округіндегі 300 орындық мектептің құрылыс жұмыстарымен танысты. Өңір басшысы білім нысанын салу барысында сапаға баса назар аударуды атап өтті. Отандық компаниялардың құрылыс материалдарының бағасын көтеріп жібергенін айтқан мердігерлер қосымша қаражаттың қажеттігін жеткізді. Облыс басшысы кішігірім мектеп үшін бекітілген қаражаттың жеткілікті екеніне тоқталып, құрылыс жұмыстарын кестеге сәйкес аяқтауды тапсырды. «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасы аясындағы құрылысты «Samruk-Kazyna» АҚ тапсырысымен «Шымкент Автоматика» ЖШС жүргізіп жатыр. Жалпы жер көлемі 2,3 га. Өткен жылы басталған білім ошағы биыл аяқталады деп жоспарланып отыр. Жалпы жоба құны 2,6 млрд теңге. Құрылыс алаңында 69 адам, 5 техника жұмыс істеп тұр.

Алдыңғы пост

МАҚТААРАЛДА МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Келесі жаңалық

БӘЙДІБЕКТЕ ҒИМАРАТЫ ХІХ ҒАСЫРДЫҢ СӘУЛЕТ ӨНЕРІНЕ ЖАТАТЫН СӘУЛЕТ-КӨРКЕМ МУЗЕЙІ ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰР

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі