Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

МОНУМЕНТТІК ӨНЕР ҚҰРЫЛЫСТАРЫ ЕНДІ ОНОМАСТИКА САЛАСЫНДАҒЫ «ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР» ТІЗІМІ БОЙЫНША БЕРІЛЕДІ

23 мая, 2024
in Басты жаңалықтар
0
МОНУМЕНТТІК ӨНЕР ҚҰРЫЛЫСТАРЫ ЕНДІ ОНОМАСТИКА САЛАСЫНДАҒЫ «ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР» ТІЗІМІ БОЙЫНША БЕРІЛЕДІ
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Республикада монументті өнер құрылыстарын орнату ономастика саласындағы «Тарихи тұлғалар» тізімі бойынша жүргізіледі. Бұл туралы бүгін Бәйдібек ауданында өткен «Ұлттық ономастика: Ізденіс пен тәжірибе» атты көшпелі облыстық семинарда айтылды.
Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының ұйымдастырған іс-шараның мақсаты – ономастика саласындағы өзекті мәселелерді талқылау және осы саладағы өңірлердің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу. Семинар жұмысына облыстық ономастика комиссиясының мүшелері, тиісті мемлекеттік органдардың басшылары, аудан, қалалардағы ономастика саласын басқарып отырған бөлім басшылары мен сала мамандары, осы аудандық жұмысшы тобының мүшелері және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Семинарды облыстық мәдениет және туризм басқармасы басшысының орынбасары Әділ Қонысбеков ашып беріп, жиынға модераторлық етті. Сонымен қатар осы сала бойынша облыста атқарылып жатқан жұмыстар бойынша баяндама жасады. 2024 жылғы 24 қаңтарда Республикалық ономастика комиссиясында бекітілген ономастикалық жұмыс барысында пайдаланатын әдістемелік ұсынымдардың талаптары таныстырылды.
Жиын барысында Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев аудандағы ономастикалық ахуал туралы баяндады. Жиі туындайтын өзекті мәселелерге тоқталып өтті. Көшпелі жиында сөз алған Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының Тарихи-мәдени құндылықтарды қорғау бөлімінің басшысы Эльвира Момынова кеңінен баяндады. Алдымен монументтік өнер құрылыстарын орнату тәртібіне тоқталған бөлім басшысы қағида талаптарын сақтауға шақырды. Осы саладағы заң бұзушылықтарға жол бермеу, өрескел қателіктердің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Күн тәртібінде өзектендірілген «Тарихи тұлғалар», «Жер-су атаулары» және «Дәстүрлі атаулар» тізімдерін, өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Әдістемелік ұсынымдар қаралды. Қатысушылар идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулары бар елді мекендер мен олардың құрамдас бөліктерін қайта атау жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған жол картасының іске асырылуы бойынша атқарылып жатқан мәселелерді ортаға салды.
Өңірлердегі ономастикалық ахуал, сондай-ақ алдағы уақытта атқаруды қажет ететін 2024-2028 жылдарға арналған кестедегі атау беруге жоспарланған атауларды талқыланып, монументтік өнер құрылыстарының орналасуына байланысты маңызды мәселелер де назардан тыс қалмады. Сонымен қатар семинарда елді мекендердің және олардың құрамдас бөліктерінің байырғы тарихи атаулары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу мәселелері, сондай-ақ халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағытталған шаралар қаралды.
Жиын соңы пікір алмасуға ұласты. Жиынға қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды. Облыстан келген арнайы бас маман Мадина Утепова түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Содан соң жиынға қатысушылар аудандағы тарихи-мәдени орындармен танысты.
Облыста монументтік өнер құрылыстарын орнату ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі №103 бұйрығымен бекітілген Қағидаға сәйкес жүргізіледі. Жалпы әкімдік өз ретінде ҚР Президентінің тапсырмасы шеңберінде жүйелендірілген тәртіпті және осы саладағы уәкілетті органның, яғни Министрліктің арнайы ұстанымдарын ескере отырып, облыста орнатылатын Министрліктің жанындағы Монументтік өнер құрылыстарын орнату жөніндегі комиссияның қарауына енгізеді. Жоғарыда аталған Қағиданың талаптарына сәйкес мемлекеттік Комиссияның екі кезеңдік келісімін алғанға дейін қандай да бір монументті өнер туындысын орнату заңсыз екендігі аудан, қала әкімдіктеріне ескертілген.
Айта кетейік, облыс бойынша монументті өнер туындыларының саны – 842. Оның ішінде 89 ескерткіш, 339 бюст, 414 стелла бар. Соңғы 3 жылда аудан қалаларында 31 ескерткіштер орнатылған.

Алдыңғы пост

БӘЙДІБЕКТЕ ҒИМАРАТЫ ХІХ ҒАСЫРДЫҢ СӘУЛЕТ ӨНЕРІНЕ ЖАТАТЫН СӘУЛЕТ-КӨРКЕМ МУЗЕЙІ ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰР

Келесі жаңалық

ТҮЛКІБАС: ОБЛЫСТЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі