Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮЛКІБАС: ОБЛЫСТЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

23 мая, 2024
in Басты жаңалықтар
0
ТҮЛКІБАС: ОБЛЫСТЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ
0
SHARES
22
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты Абай атындағы МЛ базасында Абайдың «Толық адам» концепциясын тәрбие үрдісінде іске асыру» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинары өтті.
Семинарға Түркістан облысының білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығының» Тәрбие және әлеуметтік-психология кафедра әдіскері Баскараева Рапия Тухтабайқызы, Абайтанушы, ғалым. Филология ғылымдарының докторы, профессор. «Абайтану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мекемтас Мырзахметұлы, аудандық әкелер кеңесінің төрағасы Мырсалы Миразизов, аналар кеңесінің төрайымы Каскабаева Сулушаш Орынбасарқызы, мектеп директоры Сағындықов Нұрғали Амангелдіұлы, облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімінің әдіскерлері, мектеп директорларының тәрбие орынбасарлары, сынып жетекшілері мен колледж топ жетекшілері, Барлығы : 127 маман қатысты
Семинарға келген қонақтар «Ұлттық қол өнер-тәрбиенің көзі» тақырыбында Жалпыадамзаттық құндылыққа бағытталған ұлттық құндылықтар негізінде Абай ауылындағы көрмелерге саяхат жасады. Домбырашылар оркестрі күй шертіп, көрерменннің көңілін көкке көтеріп, Ұлттық ойындармен бой сергітті.
Б.Садықов атындағы ЖББМ, Т.Рысқұлов атындағы ЖББ мектептерінің «Даналық мектебі» ұйымдастыруымен «ЗЕРЕ ӘЖЕГЕ ҚҰРМЕТ – ҰЛТҚА ҚҰРМЕТ» тақырыбы аясында «Дана ақынның даналығының бастауы» және «Зере мен Абай» тақырыбында қойылым көрсетілді.
Семинар қонағы Түлкібас ауданы, Майтөбе ауылының тумасы, Абайтанушы, ғалым. Филология ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының және «Түркі әлеміне қызымет» халықаралық сыйлығының иегері. «Абайтану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мекемтас Мырзахметұлымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
ІІІ бөлімінде тәжірибелік семинар сабақтар А.Асқаров атындағы ЖББ мектептің жас маманы Әтібек Ырысданай Абайқызының жетекшілгімен «Толық адам» Ұлттық бейнесін қалыптастыру» тақырыбында сынып сағаты;
А.Асқаров атындағы ЖББ мектептің ДТІЖО Ракишев Асқар Абдигаппарулы «БП Толық адам» концепциясының іске асыру жолын көрсетеді» тақырыбында дебат сабақ өткізді.
Абай атындағы мектеп лицейінің ұстазы Кендирбаева Индира Сайлаубайқызы «Абай-дара, Абай-дана қазақта» дөңгелек үстел;
А.Пушкин ат. АТМЛ Байатанова Умитжан Рысбековна, Төлеген Ұлжан Қыдырбекқызы «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста..» ашық тәрбие сағаты;
Ш.Уәлиханов ат. ШЖЖББМ Шинтаева Зубайда Калмаханова «Ар-ұят және жауапкершілік» тақырыбында,
«Жанкент» ЖББМ Полат Назерке Жүсіпбайқызы Абайдың рухани құндылықтары – тәрбие басы» тақырыбында тәрбие сағаты;
Ә.Молдағұлова ат. ЖББМ Көшербай Ақзат Жамбайқызы «Сана сәулесі,жүрек жұлдызы» тақырыбында тәрбие сағатын, М.Ломоносов атындағы мектеп-гимназиясының ұстазы Оразбаева Гульнур Аскаровна «Абайдың жетінші қара сөзінің тәрбиеләк мәні» тақырыбында ашық тәрбие сағаты;
Абай ат.МЛ педагог-психологы Рахишева Нурайлым Омерзаковна «Адам бол»қағидасы — Абай шығармашылығының негізгі желісі» семинар сабақ өткізді.
АББ нің әдіскерлері: Калдыбекова Эльмира Әбілқасымқызы, Шолтаева Назира Мендебайқызы «Толық адам» ілімі рухани тәрбие өзегі тақырыбы желісімен «Әже баласының бойында қандай артықшылықтар болады?» тақырыбында ток шоу аудитория қонақтарымен өткізілді.
“Ақсу-Жабағылы табиғи қорығы-ұлт байлығы” тақырыбында «Ақсу-Жабағылы» муражайына саяхат сабақ және Абай ұлықтаған «Ұлттық ойындар», қонақтармен «Ұлттық ойындардан» тимбилдинг табиғат аясында ұйымдастырылды.
«Білім беруді дамыту орталығының» тәрбие және психология кафедрасының әдіскері Р.Т.Баскараева Абайдың «Толық адам» концепциясын тәрбие үрдісінде іске асыру тақырыбында облыстық тәжірибелік семинарын қорытындылады.
Қорытынды барысында жарыс сөзге шыққан мамандардың ұсынысы бойынша аталған тәжірибелік семинарды ұйымдастырған, сынып сағатын өткен мамандар мен сынып жетекшілер марапаттауға ұсынылды.

Алдыңғы пост

МОНУМЕНТТІК ӨНЕР ҚҰРЫЛЫСТАРЫ ЕНДІ ОНОМАСТИКА САЛАСЫНДАҒЫ «ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР» ТІЗІМІ БОЙЫНША БЕРІЛЕДІ

Келесі жаңалық

Түркістан: облыс әкімі Қазығұртта кәсіпкерлік саласын жандандыруды тапсырды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сентябрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930  
« Июл    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі