Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

Түркістан облысында нашақорлыққа қарсы күрес айы басталды

24 мая, 2024
in Басты жаңалықтар
0
Түркістан облысында нашақорлыққа қарсы күрес айы басталды
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

4 айда есірткінің заңсыз айналымына қатысты 289 дерек анықталған. Түркістан облысында нашақорлыққа қарсы жаппай күрес айы басталды. Жиын халықаралық нашақорлық және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған. Шараның ашылуына облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, Түркістан облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов арнайы қатысты. «Түркістан облысында «Есірткісіз болашақ!» ұранымен нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы айлық іс-шарасы басталды. Облыс жастары мен балалар арасында есірткіге қарсы иммунитет және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатындағы шараның маңыздылығы бөлек. Еліміздің өркендеуіне, дамыған елдердің қатарына қосылуына және денсаулығы мықты елді қалыптастыру жолында және киелі қаламыздың дамуына аянбай еңбек етіп, баршаңызды Жаңа Қазақстанды бірге құруға шақырамын», деді Бейсенбай Тәжібаев. Облыста 2024 жылдың 4 айында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 289 дерек анықталған. Оның ішінде есірткі сату бойынша 12 дерек, есірткіні контрабандалық жолмен тасымалдау бойынша 64 жайт тіркелген. Заңсыз айналымнан 116,6 келі есірткі заттары тәркіленді. Сондай-ақ биылғы 3 айда синтетикалық есірткіні жарнамалаған 60 ақпараттық сайт бұғатталған.
Облыс жастары мен балалар арасында есірткіге қарсы иммунитет және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатындағы шараның маңыздылығы бөлек. Нашақорлық– бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіретін індет. Мемлекет басшысы жастарды жан-жақты қолдап, сенім артып отырғанда, жастар бұл дерттің өршуіне жол бермеуі керек, деді мамандар.Еске сала кетсек, облыс әкімдігінің қолдауымен, Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының ұйымдастырумен, және басқа да ведомстволар мен Үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен өткізілетін шара барысында балалар мен жастар арасында флешмоб және спорт түрлерінен, сурет салудан жарыстар өткізіледі. Жарыстың қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған балалар мен жастарға түрлі бағалы сыйлықтар табысталатын болады.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАНДА КІТАП ОҚУҒА ҚҰШТАР ДИРЕКТОРЛАР, ҰСТАЗДАР МЕН ОҚУШЫЛАР ЖАРЫСТЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТЫҚ ТҮЛЕКТЕР ТАҒЫ ДА БІР МҰҚТАЖ ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі