Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТЫҚ ТҮЛЕКТЕР ТАҒЫ ДА БІР МҰҚТАЖ ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

25 мая, 2024
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТЫҚ ТҮЛЕКТЕР ТАҒЫ ДА БІР МҰҚТАЖ ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін түлкібастық түлектер тағы да бір отбасын қуанышқа бөледі. Игі дәстүрді жалғаған Абай атындағы білім ошағы мен Б.Садықов және Ломоносов мектебінің 20 жыл бұрын түлеп ұшқан түлектері бірігіп, мұқтаж отбасыға аудан орталығынан 5 бөлмелі қорасы мен сарайы қарастырылған баспана сыйлады.
Игі шараға аудан әкімінің орынбасары М.Жанесен округ әкімі Қ.Ахметов, ардагер ұстаздар мен аталған білім ордаларын бітірген түлектер сөз сөйлеп, баспаналы болған жас отбасыға ыстық лебіздерін білдірді. Ауданымыздың бас имамы Серік Мағазы да сауапты іске мұрындық болған жандарға ризашылығын білдірді. Жиында өмірден өткен сыныптастар рухына құран бағышталды.
Ортадан ақша жинап 10 млн теңгеден астам қаражат жинап, соның 9 млн теңгесіне үй алған. Содан соң толық жөндеуден өткізіп, ішін қажетті жиһаз-техникалармен жабдықтап беріп отыр. Сауапты істі ұран қылған түлкібастықтар бұл жолы үйді сол үйдің ауласында құдайы ас беріп, Абдулаевтар отбасына табыстады. Жас отбасы осы кезге дейін жалдамалы пәтерде тұрып келген.
Шара соңында «Мұқтаж жанға көмек беру, қайырымдылық жасау – ата-бабамыздан бізге мұра болып қалған асыл қасиет» деп санаған 2004 жылғы мектеп түлектері дәстүр бойынша эстафетаны 2005 жылғы түлектерге табыстады.
Еске сала кетейік, осыдан 7 жыл бұрын Түлкібас ауданының Абай атындағы мектеп-лицейінің мектепті бітіргендеріне 20 жыл толған түлектері тұрғын үйге қол жеткізе алмай жүрген көпбалалы отбасыға үй сыйлаған болатын. Осылайша киелі құт мекенде көпшілікке үлгі боларлықтай игі істер өз жалғасын табуда. Бұдан өзге, Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қалаға қарасты Хантағы аулындағы №6 А.С.Пушкин атындағы жалпы орта мектебінде өткен салтанатты жиынға қатысты.
Қала әкімі педагогикалық ұжымды, оқушылар мен олардың ата-аналарын құттықтап, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған барлық кентаулық түлектерге жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ еңбегі еселі бірқатар ұстаздарды «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен және «Алғыс хатпен» марапаттады.
Шара барысында мектеп бітіруші түлектер мектеп вальсін орындап, әсем әуендерін шырқады. Салтанатты жиында «Алтын белгі» үміткері, Назарбаев университетіне шақырту алған Серік Қуаныш пен бастауыш сынып оқушысы Талшын Маккамбай соңғы қоңырауды соқты.
Жиын соңында қала әкімі мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған түлектердің мектепке тарту ретінде салып берген спорт алаңшасының ашылуына қатысты. Одан бөлек, білім ордасының ішіне рәміздер алаңын жасап берген.
Айта кету керек, биыл Кентау қаласында 741-дей оқушы мектеп бітірмек. Олардың 677-ы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш білдірген. Биыл 45 оқушы «Алтын белгіге», 29 оқушы «Үздік аттестаттан» үміткер болып отыр.

Алдыңғы пост

Түркістан облысында нашақорлыққа қарсы күрес айы басталды

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУЛЫҚ ТҮЛЕКТЕР МЕКТЕПКЕ СПОРТ АЛАҢШАСЫН САЛЫП БЕРДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі