Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ВОЛЕЙБОЛДАН АУДАНАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

31 мая, 2024
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ВОЛЕЙБОЛДАН АУДАНАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Жетісай спорт клубы» КММ мен Мұхамеджан Бейсенбайұлының ұйымдастыруымен Жетісай қаласындағы «Бекзат Саттарханов» атындағы көпбейінді спорт кешенінде ересектер арасында волейболдан ауданаралық турнир өтті.
Жетісай, Мақтаарал және Төле би аудандарының «Құрметті азаматы», еңбек ардагері Қадыров Бейсенбай Тәукебайұлының 100 жылдығына арналған байрақты бәсекенің салтанатты ашылуына Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Тұрышбек Елшібаев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтбай Маханбет, Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Жетісай спорт клубы» КММ директоры Таласхан Битуреев пен спорт ардагерлері, Бейсенбай Тәукебайұлының ұрпақтары қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Қоғамда ұрпақтар сабақтастығын насихаттауға, бұқаралық спортты дамытуға, тұрғындар арасында волейбол спортына деген қызығушылықты арттырып, аға буын өкілдерінің ізін басқан жас спортшыларға тәжірибелерімен бөлісуге, қаржы саласының майталманы Бейсенбай Қадыровты еске алуға арналған жарысқа Жетісай мен Мақтаарал аудандарынан 10 командада 100-ге тарта спортшы қатысып, бақтарын сынасты.
Командалар арасында өзара тартысты өткен ойындар төрешілердің бекіткен ережесіне сай қорытындыланып, жүлделі ІІІ орынға «Ардагерлер» командасы табан тіресе, ІІ орын Мақтаарал ауданының «Мырзакент» командасының ойыншыларына бұйырды. Ал, жүлделі І орын Жетісай қаласының «Б.Момышұлы» мектеп-гимназиясының әуе доп шеберлерінің қанжығасына байланып, чемпион атанды.
Жүлделі орынға ие болған командалар мен үздік ойын үлгісін көрсеткен жекелеген ойыншылар сайыс соңында ұйымдастырушылардың қаржылай сыйлықтарымен, медальдарымен және дипломдарымен марапатталды.

Алдыңғы пост

Түркістанда "Балаларды қорғау күніне" орай мерекелік іс-шаралар өткізіледі

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ БАСТЫ НАЗАРДА

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі