Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

Түркістанда «Балаларды қорғау күніне» орай мерекелік іс-шаралар өткізіледі

30 мая, 2024
in Басты жаңалықтар
0
Түркістанда «Балаларды қорғау күніне» орай мерекелік іс-шаралар өткізіледі
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мерекелік жиын барысында «Қуыршақ» театрының қойылымы, балалар үшін аквагрим жасалып, тегін тәттілер үйлестіріледі. Түркістанда балаларды қорғау күніне орай мерекелік шаралар өткізіледі. Түркістан қаласында 1-маусым Халықаралық Балаларды қорғау күніне орай ауқымды іс-шаралар өткізілмек. Облыс орталығындағы «Керуен сарай» көпсалалы кешенінде «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік шара ұйымдастырылмақ. Мерекелік жиын барысында «Қуыршақ» театрының қойылымы, балалар үшін аквагрим жасалып, тегін тәттілер үйлестіріледі. Бұл жайында Түркістан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекова брифингте мәлімдеді. «Бағдарламаға сәйкес, «Керуен сарай» көпсалалы кешенінде оқушылардың қолөнер жұмыстарының жәрмеңкесі мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылмақ. Бұдан бөлек, балалар жазушыларының кітаптар көрмесі, «Drone Challenge» және «ROBO FEST» көрмесі қойылмақ. Сонымен қатар, мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында шахмат, тоғызқұмалақ ойындарынан турнир, армрестлинг спортынан әлем чемпиондарымен шеберлік сағаты және «Аралдағы цирк» мерекелік қойылымын көрсету көзделген. Сондай-ақ, «Түркістан балалар көзімен» көркемсурет галереясы, 500 оқушыдан құралған «Dombyra party» флеш-мобы, «Айбын» әскери-патриоттық қозғалысы оқушыларынан құралған топ өнері көрермен назарына ұсынылады» — деді басқарма басшысының орынбасары Айгүл Ерғалиқызы. Сонымен қатар, баспасөз мәслихаты барысында спикер облыстағы жазғы лагерьлер жөнінде айта кетті. Биыл Түркістан облысында 35 мыңнан астам бала әлеуметтік жағдайына байланысты бюджет есебінен жазғы сауықтыру лагерьлерінде демалады. Жалпы жаз мезгілінде облыс бойынша 22 сауықтыру лагерьлері қызмет көрсетпек. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруда арнайы дайындықтан өткен 14 444 педагог қызметкер жұмыс істейтін болады.

Алдыңғы пост

АЗАТ ОРАЛБАЕВ: «МАҚСАТСЫЗ ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ЖЕРЛЕР МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛУЫ ТИІС!»

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ВОЛЕЙБОЛДАН АУДАНАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сентябрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930  
« Июл    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі