Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА СОЗАҚ АУДАНЫНДА КІШІ ФУТБОЛ АЛАҢЫ МЕН БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ АШЫЛДЫ

31 мая, 2024
in Басты жаңалықтар
0
БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА СОЗАҚ АУДАНЫНДА КІШІ ФУТБОЛ АЛАҢЫ МЕН БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ АШЫЛДЫ
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылындағы Жібек жолы-2 көшесінің бойынан 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында «Katco» қазақ-француз біріккен кәсіпорнының демеушілігімен салынған кіші футбол алаңы мен балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді.
Спорт нысанының ашылу салтанатында аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков шараға жиналған тұрғындарды жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, жас бүлдіршіндерге мерекелік тілегін арнады. Сонымен қатар аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев ауыл жастары спортты жанына серік етіп, жаңа нысан тәнін шынықтыратын орынға айналатынына сенімін білдірді.
Шолаққорған ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Созақ ауданының Құрметті азаматы Бүркіт Арынбеков аудан көлемінде түрлі сала бойынша атқарылып жатқан жұмысарға тоқталып, ізгі тілегін арнады. Спорт ардагері, ауыл қариясы Талымов Жолдасбек игі істі атқарған азаматтар мен нысанға демеушілік танытқан «Katco» қазақ-француз біріккен кәсіпорнына алғыс айтып, батасын берді.
Айта кетейік, қазіргі таңда аудан жастары спортпен шұғылданып, бос уақытын тиімді пайдалануға қолайлы жағдайлар қарастырылуда. Өткен жылдан бері ауданда футбол, баскетбол, волейбол алаңшасы мен «Street workout», балалар ойын алаңшасы, 1000 орындық жаңа стадион және жабық үлгідегі футбол алаңдары пайдалануға беріліп, жалпы спорт саласы бойынша 9 нысан ел игілігіне ұсынылды.
Биыл Қарақұр ауылында заман талабына сай жабдықталған жабық үлгідегі футбол алаңының құрылысы басталды. Жабық алаң кез-келген мезгілде доп тебуге ыңғайлы етіп жабдықталады. Алдағы уақытта бұндай нысан кезең-кезеңімен барлық ауылдық округтерде бой көтермек.
Бұған қоса аудан орталығынан салынып жатқан заманауи үлгідегі 200 орындық спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы жалғасуда. Жалпы ауданы 3 га болатын спорт кешенінің оқу-жаттығу базасы да барлық заманауи талаптарға сай. Екі қабатты ғимарат волейбол және баскетбол алаңдары, күрес пен боксқа арналған зал, бассейн және футболмен айналысуға арналған ашық спорт алаңымен қамтылып, облысымыздағы айтулы нысандардың бірі болмақ.

Алдыңғы пост

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын әлеуметтік қолдау шаралары туралы

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЖАРЫС ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі