Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЖАРЫС ӨТТІ

31 мая, 2024
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЖАРЫС ӨТТІ
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл елімізде мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толып отыр. Бәйдібек ауданында кең көлемде атап өту мақсатында мәслихат аппаратымен 30 игі іс-шара жоспары бекітілген.
Бекітілген жоспарға сәйкес, Шаян ауылында орай, «Спорт – жан серігі» атты үстел теннисінен аудандық жарыс өтті. Жарыстың ашылуына Бәйдібек ауданының мәслихат төрағасы Имангелді Түймебаев, аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев, ардагер спортшы Ағабек Атемов қатысты. Құттықтау тілектерін білдіріп, спортшыларға сәттілік тіледі.
Жарысқа 11 ауылдық округтен ересектер мен жасөспірімдер арасында жалпы 38 спортшы қатысты. Нәтижесінде ұлдар арасында І орынды Алғабас ауылдық округінен Санақ Дулат, ІІ орынды Мыңбұлақ ауылдық округінен Амангелді Әділмұрат, ІІІ орынды Жамбыл ауылдық округінен Жұмаш Нұрдәулет иеленді. Ал қыздар арасынан Шаяндықтар Бимырза Нұрай І орынды, ІІ орынды Рауанқызы Аида, ІІІ орынды ақбастаулық Махан Аружан жеңіп алды. Қатысқан спортшылардың ішінен Жамбыл ауылдық округінен Ойнар Айсұлу, Ағыбеттен Жүсіп Қарақат, Ақбастаудан Асқар Сағиұлы және Бөген ауылдық округінен Досалы Нұрбол үздік деп танылды. Жүлделі орындарды иеленген спортшыларға аудандық мәслихат төрағасының арнайы диплом, медаль және естелік сыйлықтары табыс етілді.
Ал Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылындағы Жібек жолы-2 көшесінің бойынан 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында «Katco» қазақ-француз біріккен кәсіпорнының демеушілігімен салынған кіші футбол алаңы мен балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді.
Спорт нысанының ашылу салтанатында аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков шараға жиналған тұрғындарды жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, жас бүлдіршіндерге мерекелік тілегін арнады. Сонымен қатар аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев ауыл жастары спортты жанына серік етіп, жаңа нысан тәнін шынықтыратын орынға айналатынына сенімін білдірді.
Шолаққорған ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Созақ ауданының Құрметті азаматы Бүркіт Арынбеков аудан көлемінде түрлі сала бойынша атқарылып жатқан жұмысарға тоқталып, ізгі тілегін арнады. Спорт ардагері, ауыл қариясы Талымов Жолдасбек игі істі атқарған азаматтар мен нысанға демеушілік танытқан «Katco» қазақ-француз біріккен кәсіпорнына алғыс айтып, батасын берді.

Алдыңғы пост

БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА СОЗАҚ АУДАНЫНДА КІШІ ФУТБОЛ АЛАҢЫ МЕН БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ АШЫЛДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДА «ZHAS PROJECT» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі