Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 105 НАУҚАСҚА КОРОНАРОГРАФИЯ ӘДІСІМЕН ОТА ЖАСАЛҒАН

31 мая, 2024
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 105 НАУҚАСҚА КОРОНАРОГРАФИЯ ӘДІСІМЕН ОТА ЖАСАЛҒАН
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сарыағаш аудандық орталық ауруханасында жыл басынан бері 105 науқасқа коронарография əдісімен ота жасалған. Жоғары технологиялық операция кезінде дәрігерлер тіліксіз әдіспен науқастардың жүрек-қан тамырларына стент орнатып берген. Аудандық ауруханада жасалған отаның барлығы сәтті өтті дейді дәрігерлер.
Коронарография мамандандырылған операциясы ангиограф аппаратының көмегімен жасалады. Аталған аппарат 2023 жылдың қаңтар айында ауруханаға орнатылған. Оның көмегімен бірінші кезеңде жүректегі қан тамырларын тексеріп, сырқатын нақты анықтай алады. Диагностикалық тексеруден кейін диагнозы расталған пациенттерге тіліксіз, катетердың көмегімен тарылып бітелген қан тамырларына стент орнатып береді.
«Сарыағаш аудандық орталық аурухана базасында коронарография әдісін жүргізу арқылы жүрекке жоғары технологиялық ота жасап жатырмыз. Мұндағы мақсат – науқастарға дер кезінде медициналық көмек көресту, медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру. Мұндай оталарды жасау үшін аудандық аурухана дәрігерлері облыстық, республикалық жетекші емдеу орталықтарына барып, интервент дәрігерлермен бірге тәжірибе жинақтады. Сондай-ақ, Сарыағаш аудандық орталық аурухана базасында республикалық деңгейдегі емдеу мекемесінен жоғары тәжірибелі мамандарды шақырттық. Білікті мамандар жасақталып, қазір осы саланы дамыту жағын мықтап қолға алдық. Енді науқастарды облыс орталығына жібермей-ақ, аудан деңгейінде операция жасап, денсаулықтарын сауықтыруға болады» дейді аурухананың бас дәрігері Бахыт Мырзалиев.
Айта кетсек, Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы – өңірдегі көп бейінді, бәсекеге қабілетті ұйым. Аурухана базасында ашылған рентген-кардиохирургия бөлімшесінде дәрігерлер жүрек дерттерін емдеп, кардиология бағытында күрделі оталар жасап жатыр.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАНДА ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯНЫҢ «ӨНЕРІ ӨРГЕ ШАЛҚЫҒАН ОРДА» АТТЫ КОНЦЕРТІ ӨТТІ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ГІР КӨТЕРУДЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА 7 АЛТЫН МЕДАЛЬ АЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі