Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ГІР КӨТЕРУДЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА 7 АЛТЫН МЕДАЛЬ АЛДЫ

31 мая, 2024
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ГІР КӨТЕРУДЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА 7 АЛТЫН МЕДАЛЬ АЛДЫ
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Тайван мемлекетінің астанасы Тайпэй қаласында мамыр айының 25-29 күндері гір көтеруден Азия чемпионаты өтті. Онда шардаралық спортшылар серпе көтеру, жұлқа көтеру және ұзақ айналым бойынша сынға түсіп 7 алтынды қоржынға салды.
Жасөспірімдер арасында серпе көтеруден 53 келіде Мадияр Байдуллаев, 58 келіге дейінгілер арасында Елнұр Елемес және 68 келіде Оразхан Ережеп алтыннан алқа тақты. Ал жұлқа көтеруден 53 келіде Бейбарыс Есмағаев жеңімпаз атанса, 58 келідегі Тастан Қуаныш пен 73 келідегі Аман Жандарбек жеңісті жолды жалғады. Сондай-ақ жастар арасында 95 келі салмақта Асылбек Амандық жұлқа көтеруден Азия чемпионы атанды.
«Түркістан — Түркі әлемінің туризм астанасы» атануы аясында қала тұрғындарымен мен спортшылар арасында веломарафон өтті. Жарыстың ашылуында алғы сөз сөйлеген қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев қатысушыларға сәттілік тіледі.
Түркістан қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен додада жалпы саны 70-ке жуық адам бақ сынады. Шабандоздар «Түркістан Арена» стадионынан бастап, «Денсаулық» саябағына дейін 7 шақырым жолды жүріп өтті. Жүлдегерлерге қала әкімінің арнайы алғыс хаттары мен сыйлықтары табысталды. Түркістан облысында «ZHAS PROJECT» жобасының жеңімпаздары анықталды. Әлеуметтік жобаға өңірдің барлық аудан-қалаларынан 500-ден астам жас қатысып, өз жобаларын ұсынған. Оның ішіне 225 жоба талапқа сай деп танылған. Бұл жайында Түркістан облысы бойынша «ZHAS PROJECT» жобасының менторы Сая Сағынғалиева брифингте мәлімдеді.
«Іріктеу кезеңінен өткен жастар 3 күндік онлайн семинар-тренинг оқуынан өтті. Соңғы комиссия отырысында 129 қатысушы өз жобасын қорғап, 20 жоба грант иегері атанды. Үздік деп танылған жастарға кәсібін бастау үшін 1 миллион теңге көлемінде қаржы беріледі. «Zhas project» жобасының негізгі мақсаты – жастардың мүмкіндігін арттыруға бағытталған. Жобаға қатысушылар өз аймағындағы әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған тиімді бастамаларды жүзеге асырып, сонымен қатар көшбасшылық қабілетін де дамыта алады»- деді спикер.
Сондай-ақ, бұл 18 жастан 35 жасқа дейінгі және NEET санатындағы жастардың әлеуметтік жобаларды іске асыруына бағытталған.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 105 НАУҚАСҚА КОРОНАРОГРАФИЯ ӘДІСІМЕН ОТА ЖАСАЛҒАН

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: ЭТНОСАРАЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі