Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Жобалардың жүзеге асырылу барысы талқыланды

30 мая, 2024
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Жобалардың жүзеге асырылу барысы талқыланды
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

2026 жылы жүзеге асатын 2 жоба арқылы 700-дей жұмыс орны ашылады. Кезекті жобалардың жүзеге асырылу барысы Түркістан өңірлік инвестициялық штаб мәжілісінде тағы да талқыланды. Мәжілісте «TAIQONYR QYSHQYL ZAUYTY» ЖШС-нің Созақ ауданындағы күкірт қышқылын өндіру зауытының, Созақ ауданында 2 кезеңнен тұратын уранды қайта өңдеу кешенінің құрылысы барысы талқыланды. Инвесторлар жағдайды баяндады. 2026 жылы жүзеге асатын 2 жоба арқылы 700-дей жұмыс орны ашылады. Шардара ауданында жүгері дәндерін терең өңдеу зауытын «Казкрахмал» ЖШС іске асыруда. Жергілікті бюджеттен сыртқы инфрақұрылымды жүргізуге 200 млн теңге бөлінді Түркістан облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы тарапынан сыртқы инфрақұрылым жүргізу бойынша мердігер компанияны анықтау үшін конкурс жарияланған. Жоба толық іске қосылса, 500 жұмыс орны ашылмақ. «Beibars-Bottlers» ЖШС Түлкібас ауданында ауыз су және түрлі-түсті сусындар өндіру зауытын салып жатыр. 96 адам жұмыспен қамтылады. Қазіргі таңда электр мәселесі бар. Өңір басшысы бұл түйткілді шұғыл шешуді тапсырды. Мердігерге тиісті ұсыныс беріледі. Төлеби ауданында логистикалық орталық салу және жүк тасымалдарын ұйымдастыру жобасын «Monotrans» ЖШС жүзеге асыруда. 190 адам жұмыспен қамтылады. Ал Кентау қаласында өнеркәсіпке арналған металл конструкциялары, металл бұйымдарын шығаратын зауыт құрылысы аяқталғанда 80 жұмыс орны ашылады. Түркістан қаласындағы «Turkistan» арнайы экономикалық аумағында полимерлі құбырларды, пластмассадан жасалған бұйымдарды шығаратын ірі-тораптық зауыт салынуда. 80 жұмыс орны құрылады. Ал Төлеби ауданында «KAZPLAST» ЖШС-нің тігін фабрикасының құрылысы аяқталып келеді. Биыл ашылатын фабрикада 150 адам жұмыспен қамтылады. Сауран ауданында қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу өндірістік кешенінің құрылысы аяқталып, пайдалануға беру актісін алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Арыс қаласында теміржол вагондарын жөндеу жобасын «АВЛРД» ЖШС жүзеге асыруда. Жобаны іске қосу 2024 жылдың екінші жартыжылдығында жоспарланған. 50 жұмыс орны құрылады. Түлкібас ауданында қуаттылығы жылына 5000 тонна жеміс өңдеу цехын «Түлкібас Жеміс Жидектері» АӨК іске асыруда. Жеңілдетілген несие арқылы қолдау көрсету мәселесі назарға алынды. Сайрам ауданында мақсары майын шығаратын зауыт, етті қайта өңдеу, мал сою цехы және бордақылау алаңы, арнайы техникаларды, кузовтарды құрастыру зауыты салынса, Қазығұртта цемент зауытының құрылысы жүріп жатыр. Ордабасы ауданы мен Арыс және Түркістан қалаларында шетел инвесторлары арқылы жобалар жүзеге асады.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА ТҰҚЫМБАҚТАР АУМАҒЫ ҰЛҒАЙЫП КЕЛЕДІ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: Ордабасыда демалыс аймағы салынып жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сентябрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930  
« Июл    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі