Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Ордабасыда демалыс аймағы салынып жатыр

30 мая, 2024
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Ордабасыда демалыс аймағы салынып жатыр
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Онда балаларға арналған ойын алаңшасы, орындықтар, жарықшамдар орнатылып, спортпен айналысуға барлық жағдай жасалатын болады. Ордабасыда жаңа демалыс аймағының құрылысы жүргізілуде. Ордабасы ауданы Темірлан елді мекенінде жаңа демалыс аймағының құрылысы жүргізілуде. Ауылдың кіреберісі Арыс және Аббасов көшелерінің қиылысындағы «Құртай» каналы бойындағы гүлзар елді мекеннің ажарын аша түспек. Нысанның құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан «DosGrupp» ЖШС-і мердігер мекемесі аллеяны биыл шілде-тамыз айларында қолданысқа беріледі деп жоспарлап отыр. Онда балаларға арналған ойын алаңшасы, орындықтар, жарықшамдар орнатылып, спортпен айналысуға барлық жағдай жасалатын болады.
Осы кезде Қараспан және Бөржар ауылдық округтеріне қарасты Батыр ата, Бірлік, Жамбыл ауылдарына газ жетті. Жылдар бойы көгілдір отынға қол жеткізе алмай жүрген тұрғындардың қуанышында шек жоқ.
Игі шараға аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Бақдәулет Жұмабеков арнайы қатысып, құттықтауларын жеткізді.
1300-ден астам тұрғыны бар Батыр ата ауылына газ тарту жұмысы 2020 жылы басталған. Онда 244 абонент бар. Ауылға тартылған газ құбырының жалпы ұзындығы 19,039 шақырымды құрайды. Ал Бірлік пен Жамбыл ауылдарының тұрғындары да көгілдір отынды ұзақ күтті. Бүгінде қос ауылдың халқының саны 2300-ден асып жығылады. Онда 332 абонент бар. Жалпы тартылған газ құбырының ұзындығы 27 шақырымнан асады.
Айта өтейік, аудандағы 57 елді мекеннің 19-ы газбен қамтылған. Бұл аудан тұрғындарының 38,2 % -ын құрайды. Маусым айында Қараспан, Бейсен, Мақташы және Ақжол ауылдарына газ беру жоспарланып отыр. Одан бөлек 10 елді мекенді газдандыру жұмыстары қыркүйек-қазан айларында аяталады деп күтілуде.
Шара барысында газ мамандары тұрғындарды табиғи газды пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертті.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН: Жобалардың жүзеге асырылу барысы талқыланды

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА СҰЛТАНБЕК ҚОЖАНОВТЫҢ 130 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі